Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 50 қаулысымен бекітілген Төтенше жағдайлар саласында білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесін 12-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Төтенше жағдайлар саласындағы басшы құрам мен мамандарды даярлаудың үлгі бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8490 тіркелген; «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 237 (28176) жарияланған) мына өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің оқу-әдістемелік орталықтарында басшы құрамды төтенше жағдайлар саласында даярлаудың үлгі бағдарламасында:
«Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселелері бойынша басшы құрамның функционалдық міндеттері 25-тақырыбы» мына редакцияда жазылсын:
«25-тақырып. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселелері бойынша басшы құрамның функционалдық міндеттері.
Күнделікті әзірлік кезінде, бейбіт уақытта төтенше жағдай қатері туындаған кезде, азаматтық қорғанысты соғыс жағдайына көшірген кездегі басшы құрамның функционалдық міндеттері. ТЖК төрағасының міндеттері. Қысылтаяң жағдайлар туралы халық пен ұйымдарды хабардар етуді ұйымдастыру. Жағдайды бағалау, шешім қабылдау. Құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге тартылатын күштер мен құралдар топтамаларының құрамын, санын айқындау. Зілзалалар, апаттар, авариялар ауданында жұмыстарды орындауға тартылатын күштер мен құралдарды басқаруды ұйымдастыру. Халықты қауіпсіз орынға алып шығу (әкету) және оны орналастыру. Негізгі басшылыққа алынатын және нормативтік құжаттар.»;
«Төтенше жағдайлардың салдарларын жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру кезіндегі басшы құрамның іс әрекеті, құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру 28-тақырыбы» мына редакцияда жазылсын:
«28-тақырып. Төтенше жағдайлардың салдарларын жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру кезіндегі басшы құрамның іс-әрекеті, құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру.
Төтенше жағдайлар туралы түсінік, төтенше жағдайлар салдарын жою; Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесінің мақсаты; төтенше жағдайларды жоюдың уақытша кезеңдері және төтенше жағдайларды жою жөніндегі негізгі іс-шаралар; төтенше жағдайлар, төтенше жағдайларды жойған кездегі оның мәні мен рөлі. Төтенше жағдайлардың салдарын жоюға шешім қабылдаған кездегі басшы құрамның іс-әрекет алгоритмі.»;
«Террорлық акті барысында төтенше жағдайлардың туындауы кезіндегі халықтың және лауазымды адамдардың іс-қимылы 35-тақырыбы» мына редакцияда жазылсын:
«35-тақырып. Террорлық акті барысында төтенше жағдайлардың туындауы кезіндегі халықтың және лауазымды адамдардың іс-қимылы.
Терроризмді айқындау («Терроризммен күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңынан – Қазақстан Республикасындағы күрес мақсаттары, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 232-бабынан үзінділер), жарылғыш құралға ұқсайтын затты тапқан кездегі іс-қимыл, күдікті пошталық (аудару) жіберу алған кездегі іс-әрекет, телефон арқылы қатер төндіргендегі іс-қимыл, террорлық актілерді өткізу тәсілдері, террорлық актілерді жасау объектілері, террорлық актілер кезінде пайдаланатын құралдар, террористер басып алған кезде кепілдікке алған адамдардың іс-әрекеті.
Халықтың:
жарылғыш құралға ұқсайтын затты тапқан кездегі;
телефон арқылы қауіпті хабар алғанда;
кепілдікке алғанда;
ұшақты террористер басып алғанда;
күдікті пошталық жіберу алған кездегі;
жарылғыш құрылғы іске қосылған кездегі іс-әрекеті.
Террорлық акті жасалу қаупін ескерту кезіндегі басшы құрамның іс-қимылы. Әр түрлі террорлық актілердің салдарынан болған төтенше жағдайлар салдарларын жоюды ұйымдастыру»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің оқу-әдістемелік орталықтарында мамандарды төтенше жағдайлар саласында даярлаудың үлгі бағдарламасында:
«Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселелері бойынша басшы құрамның функционалдық міндеттері 25-тақырыбы» мына редакцияда жазылсын:
«25-тақырып. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселелері бойынша басшы құрамның функционалдық міндеттері.
Күнделікті әзірлік кезінде, бейбіт уақытта төтенше жағдай қатері туындаған кезде, азаматтық қорғанысты соғыс жағдайына көшірген кездегі басшы құрамның функционалдық міндеттері. ТЖК төрағасының міндеттері. Қысылтаяң жағдайлар туралы халық пен ұйымдарды хабардар етуді ұйымдастыру. Жағдайды бағалау, шешім қабылдау. Құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге тартылатын күштер мен құралдар топтамаларының құрамын, санын айқындау. Зілзалалар, апаттар, авариялар ауданында жұмыстарды орындауға тартылатын күштер мен құралдарды басқаруды ұйымдастыру. Халықты қауіпсіз орынға алып шығу (әкету) және оны орналастыру. Негізгі басшылыққа алынатын және нормативтік құжаттар.»;
«Төтенше жағдайлардың салдарларын жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру кезіндегі басшы құрамның іс әрекеті, құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру 28-тақырыбы» мына редакцияда жазылсын:
«28-тақырып. Төтенше жағдайлардың салдарларын жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру кезіндегі басшы құрамның іс әрекеті, құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру.
Төтенше жағдайлар туралы түсінік, төтенше жағдайлар салдарын жою; Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесінің мақсаты; төтенше жағдайларды жоюдың уақытша кезеңдері және төтенше жағдайларды жою жөніндегі негізгі іс-шаралар; төтенше жағдайлар, төтенше жағдайларды жойған кездегі оның мәні мен рөлі. Төтенше жағдайлардың салдарын жоюға шешім қабылдаған кездегі басшы құрамның іс-әрекет алгоритмі.»;
«35-тақырыбын. Террорлық акті барысында төтенше жағдайлардың туындауы кезіндегі халықтың және лауазымды адамдардың іс-қимылы» мына редакцияда жазылсын:
«35-тақырып. Террорлық акті барысында төтенше жағдайлардың туындауы кезіндегі халықтың және лауазымды адамдардың іс-қимылы.
Терроризмді айқындау («Терроризммен күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңынан – Қазақстан Республикасындағы күрес мақсаттары, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 232-бабынан үзінділер), жарылғыш құралға ұқсайтын затты тапқан кездегі іс-қимыл, күдікті пошталық (аудару) жіберу алған кездегі іс-әрекет, телефон арқылы қатер төндіргендегі іс-қимыл, террорлық актілерді өткізу тәсілдері, террорлық актілерді жасау объектілері, террорлық актілер кезінде пайдаланатын құралдар, террористер басып алған кезде кепілдікке алған адамдардың іс-әрекеті. Халықтың:
жарылғыш құралға ұқсайтын затты тапқан кездегі;
телефон арқылы қауіпті хабар алғанда;
кепілдікке алғанда;
ұшақты террористер басып алғанда;
күдікті пошталық жіберу алған кездегі;
жарылғыш құрылғы іске қосылған кездегі іс-әрекеті.
Террорлық акті жасалу қаупін ескерту кезіндегі басшы құрамның іс-қимылы. Әр түрлі террорлық актілердің салдарынан болған төтенше жағдайлар салдарларын жоюды ұйымдастыру».
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар
министрі В. Божко