"Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережесін және Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандарға адамдарды жіберу және куәліктер беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 қаңтарда № 11 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 15 ақпанда № 9164 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 02.12.2014 № 862 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережесін және Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандарға адамдарды жіберу және куәліктер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6103 болып тіркелген және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2010 жылғы сәуір, № 4) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандарға адамдарды жіберу, оларды тапсыру және куәліктер беру ережесін бекіту туралы»;
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандарға адамдарды жіберу, оларды тапсыру және куәліктер беру ережесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандарға адамдарды жіберу және куәліктер беру ережесінде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандарға адамдарды жіберу, оларды тапсыру және куәліктер беру ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды емтихандарға жіберу, оларды тапсыру және көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәліктерін беру тәртібін белгілейді.»;
      5-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін емтихандар өткізу және тапсыру тәртібі»;
      Ережеге 1-қосымшаның жоғарғы оң бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
      «

                                      Көлік құралдарының жекелеген
                                      түрлерін басқару құқығына
                                      емтихандарға адамдарды жіберу,
                                      оларды тапсыру және куәліктер
                                      беру ережесіне 1-қосымша

      »;

      Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандарға адамдарды жіберу, оларды тапсыру және куәліктер беру ережесіне 2-қосымша алынып тасталсын;
      Ережеге 3-қосымшаның жоғарғы оң бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      «

                                      Көлік құралдарының жекелеген
                                      түрлерін басқару құқығына
                                      емтихандарға адамдарды жіберу,
                                      оларды тапсыру және куәліктер
                                      беру ережесіне 3-қосымша

      »;
      Ережеге 4-қосымшаның жоғарғы оң бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      «

                                      Көлік құралдарының жекелеген
                                      түрлерін басқару құқығына
                                      емтихандарға адамдарды жіберу,
                                      оларды тапсыру және куәліктер
                                      беру ережесіне 4-қосымша
      »;
      Ережеге 5-қосымшаның жоғарғы оң бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      «

                                      Көлік құралдарының жекелеген
                                      түрлерін басқару құқығына
                                      емтихандарға адамдарды жіберу,
                                      оларды тапсыру және куәліктер
                                      беру ережесіне 5-қосымша

      »;
      Ережеге 6-қосымшаның жоғарғы оң бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
      «

                                      Көлік құралдарының жекелеген
                                      түрлерін басқару құқығына
                                      емтихандарға адамдарды жіберу,
                                      оларды тапсыру және куәліктер
                                      беру ережесіне 6-қосымша
      »;
      Ережеге 7-қосымшаның жоғарғы оң бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
      «

                                      Көлік құралдарының жекелеген
                                      түрлерін басқару құқығына
                                      емтихандарға адамдарды жіберу,
                                      оларды тапсыру және куәліктер
                                      беру ережесіне 7-қосымша
      »;
      Ережеге 8-қосымшаның жоғарғы оң бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
      «

                                      Көлік құралдарының жекелеген
                                      түрлерін басқару құқығына
                                      емтихандарға адамдарды жіберу,
                                      оларды тапсыру және куәліктер
                                      беру ережесіне 8-қосымша
      »;
      Ережеге 9-қосымшаның жоғарғы оң бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
      «

                                      Көлік құралдарының жекелеген
                                      түрлерін басқару құқығына
                                      емтихандарға адамдарды жіберу,
                                      оларды тапсыру және куәліктер
                                      беру ережесіне 9-қосымша
      ».
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                       Қ. Қасымов