"Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Су ресурстары комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 23 қаңтардағы № 14-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 24 қаңтарда № 9088 тіркелді

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңның 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 172 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Су ресурстары комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күн ішінде кезеңдік басылымдарға және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Н. Қаппаров

Қазақстан Республикасы  
Қоршаған орта және су ресурстары
министрінің        
2014 жылғы 23 қаңтардағы  
№ 14-ө бұйрығымен    
бекітілді         

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары
министрлігінің Cу ресурстары комитеті
туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Су ресурстары комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы іске асыру және бақылау қызметтерін жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, басқада нормативтік құқықтық актілеріге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық үлгісіндегі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі атауларымен мөрі және мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкісі, сондай-ақ заңнамаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында есептері бар.
      4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Комитеттің құрылымы мен штаттық саны Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрінің келісуінен кейін Министрліктің Жауапты хатшысымен бекітіледі.
      6. Комитеттің заңды мекенжайы: индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8 үйі.
      7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлiгінің Су ресурстары комитеті" мемлекеттік мекемесi.
      8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
      9. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
      10. Комитетке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.
      Егер заңнамалық актілермен Комитетке кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге acыpу құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.
      11. Комитет келесі басқармалардан тұрады:
      1) Су ресурстарын пайдалануды реттеу басқармасы;
      2) Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасы;
      3) Су шаруашылығы жүйелерін және құрылыстарды пайдалану басқармасы;
      4) Су шаруашылығы инфрақұрылымының дамуы және инвестиция басқармасы;
      5) Құқықтық және кадрлық жұмыс басқармасы;
      6) Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы;
      7) Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы.
      12. Комитеттің келесі аумақтық органдары бар:
      1) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
      2) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
      3) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалану реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
      4) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
      5) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
      6) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
      7) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
      8) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      13. Комитет Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын басқаруды жүзеге асыратын орган болып табылады.

2. Комитеттің негізгі міндеттері және қызметтері

      14. Міндеті: экономиканың су секторын дамыту бағдарламасы, су қорын пайдалану және қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.
      Қызметтері:
      1) су қорын пайдалану және қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
      2) мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен су шаруашылығы нысандарының инвестициялық жобаларды, сондай-ақ халықаралық қаржылық ұйымдардың заемдары мен гранттары есебінен дайындайды және іске асырады;
      3) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша жұмыс органы болып табылады, реттелетін салаларда нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі, сондай-ақ мемлекеттік органдарда нормативтік құқықтық актілерді келісу (тіркеу) өтуіне қатысады;
      4) трансшекаралық сулар туралы халықаралық келісімдердің шарттары мен талаптарын орындауға бақылауды жүзеге асырады;
      5) су қорын пайдалану, сумен қамту және су тарту саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады (елді мекендерде орналасқан су шаруашылығы және су тарту жүйелерінен басқа);
      6) Қазақстан Республикасы Қорщаған орта және су ресурстары министрлігінің қарамағындағы «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорынға және оның филиалдарына тиімді басқаруды жүзеге асырады;
      7) су шаруашылығы саласындағы мемлектетік мүлікті басқару бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады;
      8) Қазақстан Республикасы заңдарымен көзделген жағдайда, республикалық мемлекеттік кәсіпорын, бюджеттен қаржыландырылатын, жұмыстардың (қызметтердің) міндетті көлемдері мен қызметтің басым бағыттарын анықтайды;
      9) республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсатын анықтайды;
      10) республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсатын анықтау бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға ұсыныс енгізеді;
      11) республикалық мемлекеттік кәсіпорынды дамыту жоспарларын және олардың орындалуы бйоынша есептерді қарастырады және бекітеді;
      12) республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мүлігінің сақталуына бақылауды және оның даму жоспарларының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
      13) республикалық кәсіпорынға берілген немесе шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлікті алу немесе қайта бөлуге мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға келісім береді;
      14) республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен өндірілетін және іске асырылатын тауарларға (жұмыстар, қызметтер) бағаны қояды;
      15) мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органмен келісім бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорынды таратуды және қайта құруды жүзеге асырады;
      16) республикалық мемлекеттік кәсіпорынның еңбек төлемінің қоры көлемін жыл сайын белгілейді;
      17) оның құзыретіне жататын басқада мәселелерді Қазақстан Республикасының заңнамаларымен шешеді.
      15. Міндеті: халықтың және экономика салаларының тұтынушылықтарын қамтамасыз ету үшін су қорын пайдалануды реттеу, суды пайдаланудың экологиялық қауіпсіз және экономикалық оңтайлы деңгейін ұстау және қол жеткізу.
      Қызметтері:
      1) мемлекеттік су есебі және оны пайдалануды, мемлекеттік су кадастрын және су нысандарының мемлекеттік мониторингін жүргізуді жүзеге асырады;
      2) су нысандарының ақпараттық базасын құрады және барлық мүдделі тұлғалардың оған қол жетімділігін қамтамасыз етеді;
      3) республикалық меншіктегі су нысандарын, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды ұйымдастырады, сонымен қатар жобалау, күрделі жөндеу, қайта жаңарту, салу және ұстау, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
      4) орталық атқарушы органдармен әзірленген экономика салаларын және өндіруші күштерді дамыту және тарату сұлбалары құрамында су ресурстарын пайдалану және қорғау болжамдары, су ресурстарын пайдаланудың жеткілікті деңгейіне келіседі;
      5) су нысандарының бассейндері бойынша табиғатты қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық су жіберу көлемдерін белгілейді;
      6) қоршаған ортаны қорғау саласында уәкілетті мемлекеттік органмен және жер қойнауын зерттеу және пайдалану бойынша уәкілетті органмен бірлесіп әр су нысанының бассейні үшін су сапасының жағдайы және белгілерінің нысаналы көрсеткіштерін әзірлейді;
      7) су нысандарының санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық жағдайын, жылдың сулылығы есебімен жыл сайынғы суды пайдалану лимиттерін анықтайды;
      8) экономика саласында салыстырмалы суды тұтыну нормаларын келіседі;
      9) республика бойынша жалпы негізгі өзендер мен басқада су нысандарының бассейндері бойынша су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау сұлбасын әзірлейді;
      10) елді мекендер шегінен тыс сумен қамту және су тарту, су қорын пайдалану және қорғау саласында жобалау, іздестіру, ғылыми-зерттеу және құрылымдық жұмыстарын ұйымдастырады;
      11) су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға қабылдау-тапсыру бойынша жұмыстарға қатысады, су шаруашылығы құрылыстарының жобаларын және су нысандарының жағдайына әсер ететін құрылыс, түбін тереңдету және басқада жұмыстар өндірісін келіседі;
      12) су ресурстарын пайдаланудың республикалық ақпараттық-талдау жүйесін құрады;
      13) су шаруашылығы баланстарын әзірлейді;
      14) мемлекеттік су кадастрындағы ақпаратқа мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қол жетімділігін қамтамасыз етеді;
      15) бассейндік сұлбалар негізінде өзендер бассейндері бойынша суды пайдалану лимиттерін және су нысандарына шекті мүмкін зиян әсер етулердің нормативтерін әзірлейді;
      16) су шаруашылығы ұйымдарының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      17) Комитеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің бюджеттік өтінімдерін дайындауды, оны Министрлікке ұсынуды, сондай-ақ бюджеттік процестің басқада рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді.
      16. Міндеті: су қорын пайдалану және қорғау саласында мемлекеттік бақылауды өткізуді ұйымдастырады.
      Қызметтері:
      1) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жою және айыптыларды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдайды;
      2) су қорын пайдалану және қорғау саласында мемлекеттік бақылауды өткізуді ұйымдастырады.

3. Аумақтық органдардың негізгі міндеттері және қызметтері

      17. Міндеті: халықтың және экономика салаларының тұтынушылықтарын қамтамасыз ету үшін су қорын пайдалануды реттеу, суды пайдаланудың экологиялық қауіпсіз және экономикалық оңтайлы деңгейін ұстау және қол жеткізу.
      Қызметтері:
      1) бассейндік принцип негізінде гидрографиялық бассейннің су ресурстарын кешенді басқару;
      2) мағыналы, адал және экологиялық орнықты суды пайдаланудың оң экономикалық әсеріне қол жеткізу мақсатында су ресурстарын пайдалану бойынша су қатынастары субъектілерінің қызметін үйлестіру;
      3) су нысандарын қалпына келтіру және қорғау туралы бассейндік келісімдерді дайындау және іске асыру;
      4) бассейндер бойынша су нысандарының мемлекеттік мониторингі мен мемлекеттік су кадастрын, мемлекеттік есебін жүргізу;
      5) заңнамамен белгіленген тәртіпте арнайы суды пайдалануға рұқсатты беру, іс-әрекет етуін тоқтату және қайтарып алу;
      6) келіседі:
      тиісті бассейннің су нысандарын тиімді пайдалану бойынша облыстардың (республикалық мәндегі қала, елорда) жергілікті атқарушы органдары жоспарларын;
      кәсіпорындардың және су жағдайына әсер ететін басқада құрылыстарды салу орындарын анықтау бойынша ұсыныстарды;
      кәсіпорындардың және су жағдайына әсер ететін басқада құрылыстарды салу және қайта жаңарту жобалары, жоба алдындағы құжаттамаларды;
      кұрылыс, түбін тереңдету, пайдалы қазбаларды, су өсімдіктерін өндіру бойынша жарылыс жұмыстары, кабелдерді, құбырөткізгіштерді және басқада коммуникацияларды өткізу, орманды кесу, сондай-ақ бұрғылау, ауыл шаруашылығы және су нысандарында, суды қорғау аймақтары мен белдіктерінде басқада жұмыстарды өткізу туралы құжаттарын;
      су нысандары жағдайын сақтау, жақсарту бойынша суды пайдаланушылардың іс-шаралар жоспарын;
      7) су жағдайына әсер ететін өндірістік, ауыл шаруашылығы және тұрғын үй-азаматтық тағайындаудағы нысандарды пайдалану бойынша мемлекеттік комиссия жұмысына, сондай-ақ табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың келуі нәтижесінде туындаған салдарды жою бойынша жұмыстарға қатысады;
      8) тиісті бассейндер бойынша суды пайдаланушылар бөліндісінде суды пайдалану лимиттерін анықтайды;
      9) арнайы суды пайдалануға рұқсат беруге өтініште көрсетілген мәліметті анықтайды;
      10) су нысандары мен су шаруашылығы құрылыстары және балық қорларын өндіру жағдайын жақсартуды қамтамасыз ететін балық өсіру және мелиоративтік-техникалық іс-шараларды келіседі;
      11) бекіту бойынша конкурсқа қойылған балық шаруашылығы су айдындары мен (немесе) жергілікті мәндегі учаскелер тізбесін келіседі;
      12) оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануда су нысандарын беру бойынша конкурсты ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
      13) жер асты су қорларын бекітуге қатысады;
      14) су нысандары мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерін, сәйкес бассейннің суларын кешенді пайдалану және қорғау сұлбасын келіседі;
      15) сәйкес бассейн бойынша су шаруашылығы баланстарын әзірлеуге қатысады;
      16) су нысандарын жекелеген және бірлескен пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және ондағы суды пайдалану шарттарын келіседі;
      17) су жағдайы мен сапасын жақсарту бойынша қабылданған шаралар туралы, су қорын тиімді пайдалану және қорғау жөнінде өткізілген жұмыстар туралы халыққа ақпарат беру;
      18) облыстардың (республикалық мәндегі қала, елорда) жергілікті атқарушы органдармен және басқада мүдделі мемлекеттік органдармен сумен қамту және су тарту, су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша өзара қарым-қатынас жасайды;
      19) су қорын тиімді пайдалану және қорғау ісінде халықты ақпараттандыру және тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жүргізеді;
      20) арнайы суды пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалармен суды алу немесе бұру бойынша құрылыстарда немесе қондырғыларда орнатылатын суды есептеу құралдарына пломба қояды және тіркейді;
      21) салық органдарына бергенге дейін жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдалануға төлем бойынша салық есептерін куәландыруды жүзеге асырады;
      22) бассейндік кеңес жұмысын, бассейннің аумағында су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша бассейндік кеңес мүшелерімен кеңес беруді ұйымдастырады, бассейндік кеңеспен дайындалған ұсыныстарды талдайды, оларды іске асыру бойынша шараларды жүзеге асырады, суды пайдаланушылар мен мүдделі мемлекеттік органдарға бассейндік кеңестің ұсыныстарын жеткізеді;
      23) облысаралық, өңіраралық, мемлекетаралық су нысандары бойынша су алу және суды бөлу жоспарларын әзірлеу және оларды қадағалауға бақылау жасайды.
      18. Міндеті: су қорын пайдалану және қорғау саласында мемлекеттік бақылау өткізуді ұйымдастырады.
      Қызметтері:
      1) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын жеке және заңды тұлғалармен сақтауын, су қорын пайдалану және қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      2) салааралық, облысаралық және мемлекетаралық маңызы бар ірі су қоймаларын, бірлесіп пайдаланудағы су қоймаларының жұмыс режиміне бақылауды жүзеге асырады;
      3) оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға берілген су нысандарын пайдалануда белгіленген су сервитуттарын жеке және заңды тұлғалармен сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
      4) облысаралық, өңіраралық, мемлекетаралық су нысандары бойынша суды алу және суды бөлу жоспарларын әзірлейді және оларды сақтауға бақылау жасайды;
      5) су қорғау аймақтары мен белдіктерінің шекараларын сақтауға, олардағы шаруашылық қызметінің белгіленген режимін және ерекше қорғалатын су нысандарына бақылауды жүзеге асырады;
      6) су нысандары бойынша суды тұтыну және суды бұру лимиттерін, белгіленген нормалар мен ережелерді, сондай-ақ суды пайдалану режимін сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      7) су шаруашылығы жүйелері мен су қоймалары, су тоған құрылыстарын пайдалану ережелерін сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      8) су нысандарынан алынатын және оларға тасталатын су көлеміне алғашқы есепті жүргізу анықтылығына, су сапасын анықтауға, су бұру және тұтыну есебі үшін жабдықтар мен аппаратураларды мемлекеттік аттестациядан өту мерзімдерін сақтауға және жарамдылық жағдайын бақылауды, суды пайдаланушылармен есеп берудің белгіленген мерзімдерін сақтауды жүзеге асырады;
      9) арнайы суды пайдалануға белгіленген талаптары мен шарттарын жеке және заңды тұлғалармен орындауға, сондай-ақ суға зиян әсер етуге қарсы күрес бойынша іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады (су тасу, су басу, су тасқыны, жағалауды бұзу және басқада зиян құбылыстар);
      10) су нысандарын оқшауланған және бірлесіп пайдалануға беру тәртібінде Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамаларын сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      11) су нысандарын пайдалану және қорғау жағынан жер асты және жер үсті суларына мемлекеттік есепті жүзеге асыру және су нысандарының мемлекеттік мониторингін жүргізу тәртібінде Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамаларын сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
      12) белгіленген тәртіпте бекітілген жобалау құжаттамасының болуына және су нысандарын пайдалану және қорғаумен, оларды салуға, қайта жаңартуға, суды қорғау аймақтары және белдіктерімен байланысты қызметі және экономика салаларының нысандарын техникалық қайта жабдықтауға сәйкестілігіне бақылауды жүзеге асырады;
      13) су нысандарын өз еркімен пайдалануды, су нысандарының суды қорғау аймақтары мен белдіктерінің аумағында өз еркімен құрылыс жүргізуін болдырмауға бақылауды жүзеге асырады;
      14) жиынтықты суды тұтынуды төмендету бойынша іс-шаралар, суды тиімді пайдалану және қорғау саласында алдыңғы қатарлы тәжірибесін, ғылым мен техникаға қол жеткізуді кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда енгізуге бақылауды жүзеге асырады;
      15) Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамалық тәртіпте су қорын пайдалану және қорғау, сумен қамту және су тарту саласында белгіленген нормаларын және ережелерін бұзумен жүзеге асырылған су жағдайына әсер ететін су шаруашылығы және басқада нысандарды қаржыландыру, жобалау және құрылысын тоқтату туралы талаптарды қояды;
      16) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын бұзу туралы материалдарды Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес айыптыларды тарту үшін құқық қорғау органдарына және сотқа тапсырады;
      17) Қазақстан Республикасының су заңнамаларын бұзған жағдайда мемлекетке келтірілген шығынды өтеу туралы арызды сотқа береді;
      18) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асырады.

4. Құқығы

      19. Комитеттің өз өкілеттігі шегінде құқы бар:
      1) белгіленген заңнамалық тәртіпте барлық ұйымдармен, лауазымды тұлғалар және азаматтармен орындау үшін міндетті шешімдерді қабылдауға;
      2) министрліктерден, ведомствалардан және басқада орталық және жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан, сондай-ақ лаузаымды тұлғалардан өз құзыреті шегінде қажетті ақпаратты алуға;
      3) сотта арыз иесі және жауап беруші ретінде болуға;
      4) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істі қарауға, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тұлғаларды тарту туралы материалдарды тиісті органдарға жолдауға;
      5) прокуратураға және құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының су заңнамаларын бұзу іс-әрекеттерін болдырмау немесе тиым салу үшін ықпал етуге хабарласуға;
      6) Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды енгізу бойынша ұсыныстарды енгізуге;
      7) Комитеттің аумақтық органдарының қызметіне бақылауды жүзеге асыруға.           

5. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру

      20. Комитеттің төрағасының Министрліктің Жауапты хатшысымен Комитет төрағасының ұсынысы бойынша қызметіне тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары бар.
      21. Комитеттің төрағасы Комитет жұмысын ұйымдастырады және басшылықты жүзеге асырады, Комитетке жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікті атқарады.
      22. Осы мақсаттарда Комитеттің төрағасы:
      1) төраға орынбасарларынан басқа, заңнамаларға сәйкес Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және жұмыстан босатады;
      2) тәртіптік жазаларды заңмен белгіленген тәртіпте қолданады;
      3) өз құзыреті шегінде бұйрықтарды шығарады;
      4) өз құзыреті шегінде Комитетті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес мемлекеттік органдарда және басқада ұйымдарда ұсынады;
      5) Министрліктің Жауапты хатшысына Комитеттің және оның өңірлік органдарының құрылымы және штаттық кестесін өзгерту туралы ұсынысты енгізеді;
      6) өз құзыретіне енетін басқада мәселелер бойынша шешім қабылдайды;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерге жеке жауапкершілік атқарады;
      8) белгіленген заңнамалық тәртіпте Комитеттің қызметкерлеріне және өңірлік органдардың басшы орынбасарларына іссапарлар, демалыстар беру, материалдық көмектер көрсету, біліктілік көтеру, даярлау (қайта даярлау), көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйақы беру мәселелерін шешеді;
      9) белгіленген заңнамалық тәртіпте аумақтық органдардың бірінші басшылары мен оның орынбасарларын қызметін тағайындау және қызметінен босату туралы, сондай-ақ тәртіптік жазаға тарту және көтермелеу жөнінде Жауапты хатшыға ұсынысты енгізеді;
      10) белгіленген заңнамалық тәртіпте өзінің орынбасарларының, қызметкерлерінің, аумақтық органдардың басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін (лауазымдық нұсқаулықтары) анықтайды және бекітеді.
      23. Комитеттің атына жолданған құжаттар төрағамен және құзырет шегінде орынбасарларымен қол қойылады. Төраға болмаған жағдайда құжаттарға оны ауыстыратын тұлғамен қол қояды.
      Төраға болмаған кезеңде Комитетттің қызметіне жалпы басшылықты орынбасарларының біріне жүктеледі, ол Комитетке жүктелген мен өз қызметтерін жүзеге асыруға жүктелген міндеттерді орындауға жеке жауапкершілікті атқарады.
      Төрағаның және оның орынбасарларының болмаған уақытында белгіленген заңнамалық тәртіпте басқарма басшылары басшыларының біріне жүктеледі.
      24. Төраға орынбасарлары:
      1) өз өкілеттіктері шегінде құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді;
      2) лауазымдық және басқада жүктелген міндеттерге сәйкес өз қызметтерін жүзеге асырады;
      3) заңнамаларға сәйкес жүктелген басқада қызметтерді жүзеге асырыды.

6. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.