"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 16 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 24 қаңтарда № 9085 тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8397 болып тіркелген, 2013 жылғы 18 маусымдағы № 170-171 (27444-27445) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
      бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасында:
      1 «Салықтық түсімдер» санатында:
      05 «Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар» сыныбында:
      4 «Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар» кіші сыныбында:
      мынадай мазмұндағы 26 және 27 - ерекшеліктермен толықтырылсын:
      «26 Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алым
      27 Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін алым»;
      08 «Заңдық мәнді іс-әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер» сыныбында:
      1 «Мемлекеттік баж» кіші сыныбында:
      09 «Аңшы куәлігін бергенi және оны жыл сайын тіркегені үшiн мемлекеттік баж» ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «09 Аңшы куәлігін бергенi (қайта ресімдеу) және оны жыл сайын тіркегені үшiн алынатын мемлекеттік баж»;
      12 «Қаруды және оның оқтарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат бергені үшін мемлекеттік баж» ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «12 Азаматтық, қызметтік қаруды және оның оқтарын сатып алуға, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, рұқсат бергені үшін алынатын мемлекеттік баж»;
      мынадай мазмұндағы 22, 23 және 24 - ерекшеліктермен толықтырылсын:
      «22 Азаматтық, қызметтік қаруды және оның оқтарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге қорытындылар бергені үшін алынатын мемлекеттік баж
      23 Азаматтық, қызметтік қаруды және оның оқтарын комиссиялық сатуға жолдама бергені үшін алынатын мемлекеттік баж
      24 Жүктердің халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыруға рұқсат куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін алынатын мемлекеттік баж»;
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      3 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобында:
      1 «Құқық қорғау қызметi» функционалдық кіші тобында:
      201 «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 018 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «018 Ақы төлеуден босатылғандарға адамдарға адвокаттар көрсететін заңгерлік көмекке ақы төлеу»;
      4 «Білім беру» функционалдық тобында:
      9 «Білім беру саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
      464 «Ауданның (облыстық манызы бар қаланың) білім бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша
      015 «Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдері» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
      15 «Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайынға ақшалай қаражат төлемі»;
      бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасында:
      1 «Ағымдағы шығындар» санатыда:
      01 «Тауарлар мен қызметтерге арналған шығындар» сыныбында:
      160 «Басқа да ағымдағы шығындар» кіші сыныбында:
      168 «Сатып алынатын тауарлар, қызмет көрсетулер мен жұмыстар бойынша ҚҚС сомасын өнім берушіге аудару» ерекшелігі алынып тасталсын;
      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:
      Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымында:
      160 «Басқа да ағымдағы шығындар» кіші сыныбында:
      168 «Сатып алынатын тауарлар, қызмет көрсетулер мен жұмыстар бойынша ҚҚС сомасын өнім берушіге аудару» ерекшелігі алынып тасталсын.
      2. Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Ж.Т.Тоқабекова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Министр                                    Е. Досаев