2014 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 381 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 20 желтоқсанда № 3373 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 439 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 10.12.2014 № 439 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Жұбанышқалиеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      С. Әлиев

2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 381
Тасқала ауданы әкімдігінің
қаулысына
қосымша

2014 жылға нысаналы
топтарға жататын адамдардың
қосымша тізбесі:

      1. Алты айдан жоғары жұмыссыз ретінде уәкілетті органда тіркелгендер;
      2. Елу жастан асқан жұмыссыз әйелдер;
      3. Елу бес жастан асқан жұмыссыз ерлер;
      4. Аудан орталығынан тыс елді мекенде тұратындар (әлеуметтік жұмыс орындары үшін уақытша және маусымдық жұмыстарға);
      5. Он екі және одан да көп айға созылған жұмыссыз тұлғалар;
      6. Отбасында бірде-бір жұмыс істеуші жоқ тұлғалар;
      7. Уақытша және маусымдық жұмыстарға қатысқан тұлғалар;
      8. Бұрын жұмыс жасамаған тұлғалар (алғаш жұмыс іздеушілер).