Жәнібек аудандық мәслихатының № 6 Ұзынкөл сайлау округi бойынша шығып қалған депутатының орнына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 1 наурыздағы № 44 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 наурызда № 3212 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Жәнібек ауданы мәслихатының № 6 Ұзынкөл сайлау округi бойынша шығып қалған депутаттың орнына барлық кандидаттар үшін үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды тақталармен жарақтандырсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмi аппаратының басшысы Ж. К. Абдоловқа жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      Б. Есенғалиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудандық (аумақтық) сайлау
      коммисиясының төрағасы
      _____________ Р. Қарашин
      01.03.2013 ж.

Аудан әкімдігінің
2013 жылғы 1 наурыздағы № 44
қаулысына қосымша

Жәнібек ауданы мәслихатының № 6 Ұзынкөл сайлау
округi бойынша шығып қалған депутаттың орнына
барлық кандидаттар үшін үгiттiк баспа
материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекен атауы

Орналасатын жері

Түрі

1

Ұзынкөл ауылы

Мектеп көшесі бойындағы орталық алаң

Тақта

2

Еңбекші елді мекені

Бастауыш мектеп ғимаратының алды

Тақта