Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бөрлі ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 шілдедегі № 661 "Бөрлі ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-3-134 тіркелді, 2012 жылғы 30 тамызда "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" аудандық газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы келесі мазмұндағы 4 тармақпен толықтырылсын:
"4. Жоғары оқу орындарының және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері жазғы демалыс кезеңінде.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Сафималиевке жұктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М. Тусупкалиев