Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округінің Қарауылтөбе ауылы аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 18 қаңтардағы № 4 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 5 ақпанда № 3174 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 409 ұсынысы негізінде жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы (бруцеллез) ауруларының профилактикалық іс-шараларын ұйымдастыру мақсатында ауыл округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округінің Қарауылтөбе ауылы аумағына қой-ешкі малының арасында бруцеллез ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
      2. "Ақжайық ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы М. Сердалин "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бастығы Р. Қайырлиев (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "Ақжайық ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы Т. Сүлейменова (келісім бойынша) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген кезден бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарауылтөбе ауылдық
      округ әкімі                      Ғ. Ихсан

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы Министрлігі
      Ветеринариялық бақылау
      және қадағалау Комитетінің
      Ақжайық аудандық аумақтық
      инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _____________Р. Қайырлиев
      18.01.2013 ж.

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      Комитетінің Батыс Қазақстан
      облысы бойынша департаменті
      "Ақжайық ауданы бойынша
      мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _____________Т. Сүлейменова
      18.01.2013 ж.