РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40 бабы 2 тармағы 1) тармақшасына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы №1316 қаулысына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі №6-53/V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2699 нөмірімен тіркелген, «Уақыт тынысы» газетінің 2012 жылдың 18 қазанында 90-91 нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:
«Жалпы ережелер» тарауында 2 тармақтың:
4) тармақшасындағы 2 абзац және 5) тармақшасы алынып тасталсын;
«Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі» тарауындағы 5 тармақтың «10) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің 1 тармағының үшінші, төртінші, бесінші абзацтарының 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiлетiнін қоспағанда, осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы С. Мұздыбаев
Үржар аудандық
мәслихатының хатшысы М. Бітімбаев