Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 ақпандағы N 91 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 04 сәуірде N 2925 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18 бабы 2) тармақшасына, 238 бабы 3 тармағына, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 2 тармағына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) 123 қосымшаларға сәйкес айқындалсын.
      2. Тізбе келісуге Үржар аудандық мәслихатына ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Сейітқановқа жүктелсін.
      4. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Үржар ауданының әкімі                      Б. Жанақов

      Келісілді:

      Үржар аудандық
      мәслихатының хатшысы                       М. Бітімбаев

      2013 жылғы 05 наурыз

Үржар аудандық әкімдігінің
2013 жылғы 27 ақпандағы
№ 91 қаулысына № 1 қосымша

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Үржар ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық
айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету
мамандары лауазымдарының тізбесі

      1. Үйден әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелерінің меңгерушілері.
      2. Әлеуметтік қызмет мамандары.
      3. Әлеуметтік қызмет кеңесшілері.
      4. Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер.

Үржар аудандық әкімдігінің
2013 жылғы 27 ақпандағы
№ 91 қаулысына № 2 қосымша

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі
«Үржар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын
көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары
лауазымдарының тізбесі

      1. Мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын (әкімшіліктік шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарын қоспағанда), орталық, мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары, лагерь бастығы, оның ішінде: кітапхана, интернат, шеберхана, өндіріс, кабинет, оқу - өндірістік пункт, әдістемелік кабинет меңгерушісі.
      2. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдары: барлық мамандық мұғалімдері, аға тәрбиеші, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі, аға шебер, шебер, аға тәлімгер, оқытушы, концертмейстер, әдістемеші, көркем жетекші, музыкалық жетекші, нұсқаушы, әлеуметтік педагог, педагог–ұйымдастырушы, қосымша білім педагогы, педагог–психолог, логопед-мұғалімі, дефектолог мұғалімі, бастауыш әскери дайындықтың оқытушы–ұйымдастырушысы, аккомпаниатор, зертханашы (физика, химия, биология, информатика кабинеттері).
      3. Мамандар (бас, аға) оның ішінде: кітапханашы, тәлімгер, хореограф.

Үржар аудандық әкімдігінің
2013 жылғы 27 ақпандағы
№ 91 қаулысына № 3 қосымша

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Үржар аудандық мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ауылдық
(селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру
белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының
тізбесі

      1. Мәдениет саласы мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорынның басшылары («Аудандық орталық кітапхана» Мемлекеттік мекемесінің, аудандық «Мәдениет үйі» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның директорлары).
      2. Мәдениет саласының мамандары: клуб меңгерушісі, мәдени шараны ұйымдастырушылар, әртістер, бишілер (хореограф), музыкалық оператор, менеджер, көркемдік жетекшілер, экскурсия жетекшісі, музыканттар, қоюшы-режиссер, костюмер, кітапханашылар, суретші, клуб жөніндегі маман, үйірме жетекшісі.