РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы № 426 "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2000-нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 25 желтоқсанда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тақырыбында "Ауылдық (селолық)" деген сөздер "Ауылдық" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақта "ауылдық (селолық)" деген сөздер "Ауылдық" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулыға 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларда:
тақырыбында "Ауылдық (селолық)" деген сөздер "Ауылдық" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ә.Қаныбековке жүктелсін.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы | Б.Оспанов |
Б.Жылқышиев | |
Ә.Бектаев | |
С.Қаныбеков | |
С.Тұяқбаев | |
Е.Садыр | |
А.Абдуллаев | |
Р.Исаева |