Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласы, Сайрам, Ордабасы және Төлеби аудандарының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 371 қаулысы және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/177-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментімен 2013 жылғы 31 желтоқсанда № 2478 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабына сәйкес Шымкент қаласының, Ордабасы Сайрам және Төлеби аудандарының әкімдіктері және мәслихаттарының бірлескен ұсыныстарын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТЕДІ, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласының, Ордабасы, Сайрам және Төлеби аудандарының әкімшілік шекаралары жоғарыда аталған аудандардан жалпы көлемі 76200,34 гектар жер, соның ішінде Ордабасы ауданынан 7068 гектар, Сайрам ауданынан 55461,13 гектар, Төлеби ауданынан 13671,21 гектар жер бөлігін Шымкент қаласының әкімшілік шекарасына қосу жолымен өзгертілсін.
      2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                А.Мырзахметов

      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы     Ш.Жамалбек

      Облыстық мәслихаттың хатшысы               Қ.Ержан