Квота белгілеу туралы

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 28 мамырдағы № 271 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 20 маусымда № 2740 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2)5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.Меншік нысанына қарамастан аудан аумағындағы барлық кәсіпорын, мекеме және ұйымдардағы жұмыс орындарының жалпы санының:
      1) мүгедектер үшін үш пайыз мөлшерінде;
      2)қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмілетке толмағандар үшін бір пайыз мөлшерінде квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Мұфтахқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемелекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Баракатов