Орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының екі пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
Ескерту. Атырау облысы Индер аудандық әкімдігінің 11.12.2015 № 391 қаулысымен (жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Индер ауданы әкімінің аппараты осы қаулының интернет-ресурста жариялануын қамтамасыз етсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Нұрлыбаевқа жүктелсін.
Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі | Б. Сарсенгалиев |