Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14), 14-3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған мектеп бітірушілері үшін Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыс берушілеріне Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы бойынша жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған мектеп бітірушілерін жұмысқа жіберуді қамтамасыз етсін.
3. «Азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 164 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 13-11-210 тізілімінде тіркелген, 2011 жылғы 13 мамырдағы «Тайынша таңы» № 21, 2011 жылғы 13 мамырдағы «Тайыншинские вести» № 20 газеттерінде жарияланған).
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің орынбасары Е.Қ. Жаровқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданының әкімі И. Турков