"Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 404 қаулысына өзгерту енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 31 қазандағы N 439 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 қарашада N 2403 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 404 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 13 желтоқсанда № 13-6-155 тіркелген, 2010 жылғы 31 желтоқсандағы «Есіл таңы» және «Ишим» аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:
      Кіріспе келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Айнагүл Кәкімжолқызы Бектасоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                               М. Әбішев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы
      соты жанындағы
      соттардың қызметін
      қамтамасыз ету департаментінің
      Солтүстік Қазақстан облыстық
      Сот кеңсесінің басшысы
      (ҚР ЖС СҚҚД СҚОСК)

      Сайран Қайыржанұлы Ақтанов

      2013 жылғы 31 қазан

      Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
      «Халыққа қызмет көрсету орталығы»
      республикалық мемлекеттік кәсіпорын
      филиалының Есіл ауданы бойынша
      бөлімінің басшысы
      (СҚО ХҚКО РМКФ ЕАБ)

      Жасұлан Серікұлы Бұжықаев

      2013 жылғы 31 қазан

      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Есіл ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі» республикалық
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      (СҚО ЕА ҚІБ)

      Мақсот Жәкияұлы Мұқанов

      2013 жылғы 31 қазан