Жеке санаттағы азаматтар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 18 наурыздағы N 111 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 26 сәуірде N 2258 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы N 117 қаулысымен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 04.05.2016 N 117 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 9-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына, 7 бабы 5-5) және 5-6) тармақшаларынасәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:
      қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде;
      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде;
      интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасары Қайрат Қайроллаұлы Омаровқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М. Тасмағанбетов