Ақжар ауданының мүгедектері үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 20 мамырдағы N 172 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментімен 2013 жылғы 19 маусымда N 2298 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабы 1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының мүгедектері үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы көлемінде жұмыс орындары квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің орынбасары Ж.Б. Сыздықовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Ақжар ауданының әкімі                      А. Тастеміров