"Аудандық жер комиссиясы туралы Ереженi бекiту туралы" Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 14 тамыздағы N 229 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 4 желтоқсандағы N 285 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 25 желтоқсанда N 2459 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 және 43-1-баптарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Аудандық жер комиссиясы туралы Ереженi бекiту туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 14 тамыздағы № 229 қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк Тiзiлiмiнде 2003 жылғы 4 қыркүйекте № 1003 тіркелген, «Колос» газетінің 2003 жылғы 3 қазандағы № 40, «Колос» газетінің 2003 жылғы 10 қазандағы № 5 газеттерiнде жарияланды) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексiнiң 43-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, аудандағы жер қатынастарын реттеу мақсатында, Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:».
      2. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                                Қ. Қасенов