Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XIX сессиясының 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 175 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмектің мөлшерлері белгіленсін.
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі айқындалсын.
3. Алматы қаласы мәслихатының аппараты:
1) осы шешімді Алматы қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
2) нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы И. Лиге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге (келісім бойынша) жүктелсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
V сайланған Алматы қаласы
мәслихатының кезектен тыс
XXI сессиясының төрағасы И. Ли
Келісілді:
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильин
Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Құдышев
Алматы қалалық Жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы Ә. Құлмаханов
Алматы қаласы Экономика
және бюджеттік жоспарлау
басқармасының басшысы С. Қабдолов
Алматы қаласы әкімі аппараты
заң бөлімі басшысының
міндетін атқарушы Н. Егизекова
Алматы қаласы мәслихатының
2013 жылғы 28 қарашадағы
№ 183 шешіміне
1 қосымша
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына
әлеуметтік көмектің мөлшерлері
1. Азаматқа (отбасына) табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан
мүлікке залал келуіне байланысты әлеуметтік көмектің шекті
мөлшерлері және бір реттік әлеуметтік көмекке өтініш білдіру
мерзімдері
1. Өрттің немесе табиғи зілзаланың салдарынан зардап шеккен азаматтарға ақшалай төлемдер түрінде әлеуметтік көмек келесі мөлшерлерде көрсетіледі:
тұрғын үйінен айрылғанда, бүлінгенде, елеулі зиян келгенде отбасына 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейін.
2. Әлеуметтік көмек төтенше жағдай туындаған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей көрсетіледі.
2. Жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінің екі
есе мөлшерінен аспайтын тұлғаларға көрсетілетін бір реттік
әлеуметтік көмектің шекті мөлшері
Ескерту. 2 бөлім жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 18.02.2014 N 203 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3.-Жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінің екі есе мөлшерінен аспайтын азаматтарға әлеуметтік көмек 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
3-1.-Ыстық және (немесе) суық сумен жабдықтаудың жеке есептеуіш құралдарын сатып алу, орнату немесе тексеруден өткізу шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек бір құрал үшін 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын көлемде көрсетіледі:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға (отбасыларына);
бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;
бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге;
зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге.
4. Әлеуметтік көмектің аталған түрі тиісті қаржы жылына жергілікті бюджетте аталған мақсаттарға қарастырылған қаржы шегінде көрсетіледі.
3. Алматы қаласындағы мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарына көрсетілетін ай сайынғы
әлеуметтік көмектің шекті мөлшері
5. Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күн көріс деңгейінің алты есе мөлшерінен аспайтын азаматтардың келесі санаттарына ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерiне;
Ауғанстандағы соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертiгу, аурудың салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарына, зайыбына (жұбайы).
6. Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күн көріс деңгейінің 3 есе (үш) мөлшерінен аспайтын азаматтардың келесі санаттарына ай сайын 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі:
арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге;
арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын, бірақ жас ерекшелігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындарға;
бүйректің жеткіліксіздігі созылмалы ауруы бар бірінші топтағы мүгедектерге;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға, 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған және аталған санат бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын тұлғаларға.
Алматы қаласы мәслихатының
2013 жылғы 28 қарашадағы
№ 183 шешіміне
2 қосымша
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі
Ескерту. 2 қосымша 10, 11, 12, 13 тармақтармен толықтырылды - Алматы қаласы мәслихатының 18.02.2014 N 203 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтар;
2. Жан басына шаққандағы табысы күн көріс деңгейінің екі есе мөлшерінен аспайтын адамдар;
Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 18.02.2014 N 203 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi;
4. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi;
5. Ауғанстандағы соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертiгу, аурудың салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналары, зайыбы (жұбайы);
6. Арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын зейнет жасына жеткен зейнеткерлер;
7. Арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын, бірақ жас ерекшелігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындар;
8. Бүйректің жеткіліксіздігі созылмалы ауруы бар бірінші топтағы мүгедектер;
9. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға, 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған және аталған санат бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын тұлғалар;
10. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтар (отбасылар);
11. Бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасылар;
12. Бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер;
13. Зейнет жасына жеткен зейнеткерлер.