Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 9 қыркүйектегі N 3/776 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2013 жылғы 26 қыркүйекте N 998 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» 2012 жылғы 30 наурыздағы № 1/230 қаулысына (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 934 болып тіркелген, 2012 жылғы 19 мамырдағы «Вечерний Алматы» газетінде және 2012 жылғы 22 мамырдағы «Алматы ақшамы» газетінде жарияланған):
      барлық мәтін бойынша «бастығы», «бастығына», «бастығының», «бастығынан» сөздері тиісінше «басшысы», «басшысына», «басшысының», «басшысынан» сөздерімен ауыстырылсын, қазақ тіліндегі мәтінге ғана өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
      2) Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы электрондық мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» 2012 жылғы 30 наурыздағы № 1/231 қаулысына (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 935 болып тіркелген, 2012 жылғы 19 мамырдағы «Вечерний Алматы» және «Алматы ақшамы» газеттерінде жарияланған):
      барлық мәтін бойынша «бастығы», «бастығына», «бастығының» сөздері тиісінше «басшысы», «басшысына», «басшысының» сөздерімен ауыстырылсын, қазақ тіліндегі мәтінге ғана өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
      3) Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 4/1050 «Алматы қаласында көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 965 болып тіркелген, 2012 жылғы 2 ақпандағы «Вечерний Алматы» және «Алматы ақшамы» газеттерінде жарияланған):
      барлық мәтін бойынша «бастығы», «бастығына», «бастығының» сөздері тиісінше «басшысы», «басшысына», «басшысының» сөздерімен ауыстырылсын, қазақ тіліндегі мәтінге ғана өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
      2. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі                 А. Есімов

      Енгізуші:

      Алматы қалалық Жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      басқармасының басшысы                  Ә. Құлмаханов

      Келісілді:

      Алматы қаласы әкімінің орынбасары      Ю. Ильин

      Алматы қаласы әкімі аппаратының
      заң бөлімінің басшысы                  А. Қасымова