Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 1/231 "Алматы қаласында көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы электрондық мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 11 ақпандағы N 1/73 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 ақпанда N 968 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі N 2/236 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 11.04.2014 N 2/236 қаулысымен (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы электрондық мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» 2012 жылғы 30 наурыздағы № 1/231 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 935 болып тіркелген, 2012 жылдың 19 мамырда «Вечерний Алматы» № 61-62 және 2012 жылдың 19 мамырда «Алматы Ақшамы» № 59-60 газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1 тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М. Мұқашевқа жүктелсін.
      3. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) осы қаулыны Басқарманың интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген кезден бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Алматы қаласының әкімі                А. Есімов


      Енгізуші:
      
      Алматы қалалық Жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      басқармасының бастығы                 Ә. Құлмаханов

      Келісілді:

      Алматы қаласы әкімінің
      бірінші орынбасары                    М. Мұқашев

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету
      сапасының сақталуын бақылау
      бөлімінің меңгерушісі                 М. Сүйіндіков

      Алматы қаласы әкімі аппараты
      заң бөлімі меңгерушісі                А. Қасымова