Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 21-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір процент мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір процент мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін жұмыс берушілерге тиісті жолдама беру жолымен квоталанатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
4. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 1 шілдедегі "Бас бостандығынан қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" N 526/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-3-299 болып тіркелген, 2011 жылғы 21 шілдедегі N 30 "Отарқа" және N 30 "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған) және 2012 жылғы 29 маусымдағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 1 шілдедегі "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" N 526/6 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" N 774/7 қаулыларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-3-329 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 шілдедегі N 30 "Отарқа" және N 30 "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі А. Вербняк