Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы

Павлодар облыстық мәслихатының 2013 жылғы 20 ақпандағы N 135/15 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 наурызда N 3486 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтардың жекелеген санаттары амбулаторлық деңгейде облыстық бюджет қаражаты есебінен қосымша тегін дәрі-дәрмекпен ("Бозентан" траклир препараты) қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            А. Есенжолов

      Облыстық мәслихаттың хатшысы               М. Көбенов

      КЕЛІСІЛДІ
      "Павлодар облысының Денсаулық
      сақтау басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің (ДСБ) бастығы                  Н. Касимов

      2013 жылғы 20 ақпан