Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 18-бабының 2) тармақшасына, 238-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Таран ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 91 "Кемінде жиырма бес процентке жоғарлаған лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды бекіту үшін жергілікті ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-67 тіркелген, 2008 жылғы 29 мамырда "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Аудандық бюджет қаражаты есебінен ауылдық жерде жұмыс істейтін, кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалары белгіленетін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы";
көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"1. Қосымшаға сәйкес аудандық бюджет қаражаты есебінен ауылдық жерде жұмыс істейтін, кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалары белгіленетін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі белгіленсін.";
көрсетілген қаулы қосымшасының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Аудандық бюджет қаражаты есебінен ауылдық жерде жұмыс істейтін, кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалары белгіленетін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі";
көрсетілген қаулының қосымшасындағы:
1-тармақтың 3), 4) тармақшалары алынып тасталсын;
1-тармақ келесі мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңес беруші";
2-тармақтың 2) тармақшасы "интернат меңгерушісі" сөздерімен толықтырылсын;
2-тармақ келесі мазмұндағы 22), 23) тармақшаларымен толықтырылсын:
"22) емдәм бике;
23) дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы.";
3-тармақтың 15) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"15) әдіскер, аға әдіскер;";
3-тармақ келесі мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
"16) тілдерді оқыту орталығының оқытушысы.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Таран
ауданының әкімі Б. Өтеулин
КЕЛІСІЛДІ:
Таран аудандық
мәслихатының хатшысы
____________ С. Жолдыбаев