"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 47-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 112 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3980 тіркелген, 2013 жылғы 17 қаңтарда "Меңдіқара үні" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасынан:
1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы М. Талтақова
Аудандық
мәслихаттың хатшысы В. Леонов
КЕЛІСІЛДІ:
"Меңдіқара ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
______________ В. Гребенюк
"Меңдіқара ауданының экономика
және бюджет жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
______________ Г. Айсенова