Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына сәйкес, Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкiмiнiң орынбасары Т.К. Бекмағанбетовке жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қарасу
ауданының әкімі А. Шәмшиев
КЕЛІСІЛДІ:
Қарасу аудандық
мәслихатының хатшысы
__________ С. Қазиев
Әкімдіктің
2013 жылғы 4 қарашадағы
№ 243 қаулысына қосымша
Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік
қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және
спорт мамандары лауазымдарының
тізбесі
1. Әлеуметтiк қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер;
2) әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi консультант.
2. Бiлiм беру мамандарының лауазымдары:
1) барлық мамандықтағы мұғалiмдер;
2) директор;
3) қазыналық кәсіпорынның басшысы мен басшысының орынбасары;
4) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының, интернаттың меңгерушісі;
5) дене тәрбиесiнiң жетекшісі;
6) оқу ісі, оқу-өндiрiстiк, оқу-тәрбие, тәрбие жұмыстары жөнiндегi және қосымша бiлiм берудiң басқа да ұйымдары директорының орынбасары;
7) логопед;
8) әлеуметтiк педагог;
9) ұйымдастырушы педагог;
10) қосымша бiлiм беру педагогы;
11) педагог-психолог;
12) аға тәрбиешi, тәрбиешi;
13) музыкалық жетекшi;
14) аға жетекшi;
15) дене тәрбиесi жөнiндегi нұсқаушы;
16) оқу-өндiрiстiк (оқу) шеберхана меңгерушiсi;
17) зертхана, кабинет меңгерушiсi;
18) еңбек жөнiндегi нұсқаушы;
19) аға әдiстемешi, әдiстемешi;
20) өндiрiстiк оқыту шеберi;
21) аға шеберi;
22) медициналық бике;
23) емдәм бикесi;
24) хореограф;
25) кiтапханашы;
26) кiтапхана меңгерушiсi;
27) алғашқы әскери даярлық жөнiндегi оқытушы-ұйымдастырушы.
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) директор, басшы;
2) бөлiмше меңгерушісі;
3) директордың орынбасары;
4) сектор, бөлiм, кiтапхана меңгерушiсi;
5) ұжымның басшысы;
6) суретшi-ресiмдеушi, қоюшы суретшi;
7) бейне-дыбыс жазбаның, жарық аппаратурасының операторы;
8) кiтапханашы, библиограф;
9) мәдени ұйымдастырушы;
10) аккомпаниатор;
11) көркем басшысы;
12) хореограф;
13) әдiскер, аға әдiскер, жетекшi әдiскер, нұсқаушы-әдiскер.
4. Спорт мамандарының лауазымдары:
1) әдiскер;
2) нұсқаушы.