Әкімдіктің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 311 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен, жиырма бес проценттен жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық жерде жұмыс істейтін деңсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қарашадағы № 430 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 27 желтоқсанда № 4372 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18238–баптарына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктін 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 311 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен, жиырма бес проценттен жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4256 тіркелген, 2013 жылғы 31 қазанда "Айна" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен анықталған Аудандық бюджет қаражаты есебінен, жиырма бес проценттен жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесінде:
      1-тармағы келесі мазмұндағы 6), 7) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "6) жұмыспен қамту орталығының басшысы;
      7) жұмыспен қамту орталығының маманы.".
      2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарабалық
      ауданының әкімі                            А. Исмағұлов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қарабалық аудандық
      мәслихатының хатшысы
      ______________ Е. Аманжолов