Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы бекітілсін.
2. Күштері жойылды деп танылсын:
1) мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 217 шешімнің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-9-134 болып тіркелген, 2011 жылғы 31 мамырда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған);
2) мәслихаттың "Мәслихаттың 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 217 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2011 жылғы 1 қарашадағы № 246 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-9-142 болып тіркелген, 2011 жылғы 16 желтоқсанда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған);
3) мәслихаттың "Мәслихаттың 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 217 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 53 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3891 болып тіркелген, 2012 жылғы 4 желтоқсанда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жангелдин аудандық
мәслихатының кезектен
тыс сессиясының төрағасы,
мәслихат хатшысы С. Нургазин
КЕЛІСІЛДІ:
"Жангелдин ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________ Л. Зейнекина
"Жангелдин ауданының қаржы
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
________________ Д. Аренова
"Жангелдин ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________ Д. Бидашев
Мәслихаттың
2013 жылғы 18 ақпандағы № 74
шешiмiмен бекiтiлген
Тұрғын үй көмегiн көрсету қағидасы
1. Тұрғын үй көмегiн көрсету тәртiбi
1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Жангелдин ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға;
тұрғын жайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және қалалық телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге;
жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге берiледi;
тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшiн жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша, сондай-ақ жекешелендiрiлген үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге жеткiзушi ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегi көрсетiледi;
аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қолданылған шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттарының әрқайсысы бойынша шығыстарының сомасы ретiнде айқындалады.
2. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн отбасы (азамат) (бұдан әрi - өтiнiш берушi) тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органға (бұдан әрi – уәкiлеттi орган), немесе халыққа қызмет көрсету орталығына (бұдан әрi – орталық) балама негiзде өтiнiшпен өтiнiш бередi және "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекiтiлген, Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiнiң 4-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.
3. Уәкiлеттi орган тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн қажеттi құжаттарды беру күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде тұрғын үй көмегiн тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнiнде шешiм қабылдайды, оның бiр данасы өтiнiш берушiге берiледi.
4. Егер ұсынылған құжаттар күмән туғызатын болса, уәкiлеттi орган тиiстi органдардан өтiнiш берушiнiң тұрғын үй көмегiн тағайындауға және төлеуге құқығын растайтын мәлiметтердi сұратады.
5. Тұрғын үй көмегi өтiнiш беру айынан бастап тағайындалады және жылыту маусымының соңына дейiн тағайындалатын жылдың бiрiншi тоқсанын қоспағанда, өтiнiш берушi өтiнiш жасаған ағымдағы тоқсанға көрсетiледi. Зейнеткерлер мен мүгедектерге тұрғын үй көмегiн тағайындау бүкiл жылыту маусымына жүзеге асырылады.
6. Тұрғын үй көмегiн алушы тұрғын үй көмегi мөлшерiнiң өзгеруiне негiз бола алатын мән-жайлары, сондай-ақ олардың дұрыс есептелмегенi туралы уәкiлеттi органға хабарлайды.
7. Тұрғын үй көмегi мөлшерiне ықпал ететiн мән-жайлар туындаған жағдайда, (алушы қайтыс болуын қоспағанда) көрсетiлген мән-жайлар түскен күннен бастап қайта есептеу жүргiзiледi.
8. Өтiнiш берушi жалған мәлiметтер беру арқылы заңсыз тұрғын үй көмегi тағайындалуына жол берілгенi айқындалған жағдайда, тұрғын үй көмегiн төлеу оны тағайындау кезеңінде тоқтатылады;
артық төленген сомалар бюджетке қайтарылады, ал алушы өз еркiмен қайтарудан бас тартқан жағдайда, уәкiлеттi орган аударылған төлемдердi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте төлетедi.
9. Жалғыз тұратын тұрғын үй көмегiн алушы қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегiн төлеу қайтыс болған айдан кейiнгi айдан бастап тоқтатылады;
тұрғын үй көмегiн алушы отбасы мүшесiнiң бiрi қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған айдан кейiнгi айдан бастап қайта есептеу жүргiзiледi;
қайтыс болғанға байланысты төлемдердi тоқтату немесе қайта есептеу уәкілетті орган әділет органынан ай сайын сұратып алатын қайтыс болған адамдардың тiзiмдерi немесе отбасы мүшелерi беретін мәлiметтер негізінде жүргiзiледi.
10. Тұрғын үй көмегiн көрсету мәселелерi жөнiнде туындаған келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешiледi.
2. Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерiн анықтау
11. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясын шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясының бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
12. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 7412 нөмiрiмен тiркелген, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегiн алуға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекiту туралы" бұйрығына сәйкес, тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi, тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын негiзге алғанда уәкiлеттi органмен анықталады.
13. Азаматтың табысын растайтын құжаттарды тапсырғанда, мүгедектер және бiр айдан астам стационарлық ем қабылдап жатқан тұлғаларды, күндiзгi оқу нысаны бойынша оқушыларды, студенттердi, тыңдаушыларды, курсанттарды және магистранттарды, сондай-ақ 1 және 2-топтағы мүгедектердi, сексен жастан асқан адамдарды, жетi жасқа дейiнгi балаларды күтiп бағумен айналысатын азаматтардан басқа, жұмыссыз адамдар жұмыспен қамту мәселелерi жөнiнде уәкiлеттi органынан жұмыссыз ретiнде тiркелуi жөнiндегi құжаттарды тапсырады.
14. Белгiленген нормалар шегiнде отбасының (азаматтың) шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi жиынтық табыстан он пайыз мөлшерiнде белгiленедi.
15. Тұрғын үй көмегiн тағайындау кезiнде алаңның нормасы есепке алынады:
1) бiр отбасы мүшесiне – көп бөлмелi тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшiн пайдалы алаңының 18 шаршы метрi және отбасына 9 шаршы метрiн қосымша; бiр бөлмелi тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшiн – тұрғын жайдың жалпы алаңы;
2) жалғыз тұратын азаматтар үшiн - пайдаланатын алаңына қарамастан нақты алаңынан асырмай 30 шаршы метр, осы норма жатақханалар үшiн де қолданылады.
16. Есептегiш құралдары жоқ тұтынушылар үшiн өтем шараларымен қамтамасыз етiлетiн коммуналдық қызметтердi тұтыну нормативтерi қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiленедi;
егер шығыстарға тарифтер мен нормативтер заңмен белгiленген тәртiпте анықталмаса, шығынды өтеу нақтылы шығыстар бойынша жүргiзiледi.
17. Коммуналдық қызметтердi тұтынатын есептегiш құралдары бар тұтынушыларға есеп айырысу үшiн, өткен тоқсанның немесе қызмет толық көлемде көрсетiлген соңғы тоқсандағы есептегiш құралдардың көрсеткiштерi негiзiнде, бiрақ есептегiш құралдары жоқ тұтынушылар үшiн белгiленген коммуналдық қызметтердi тұтыну нормаларынан аспайтын нақтылы шығынмен анықталады.
18. Электр қуатын төлеу бойынша шығындарды өтеу бiр адамға 100 киловатт; электр плитасы, электр су жылытқыштары бар жатақханалар мен үйлерде бiр адамға, 130 киловатт есебiнен, бiрақ нақты шығындардан асырмай жүргiзiледi.
19. Осы ережемен белгiленген нормалардан жоғары төлемақы тұрғын жайдың меншiк иелерiмен немесе жалдаушыларымен (қосымша жалдаушыларымен) жалпы негiзде жүргiзiледi.
3. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегiн төлеу тәртiбi
20. Тұрғын үй көмегiн қаржыландыру тиiстi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен, сондай-ақ ағымдағы нысаналы трансферттер қаражаты есебiнен (олар бөлiнген жағдайда) жүзеге асырылады.
21. Тұрғын үй көмегiн төлеу уәкiлеттi органмен тұрғын үй көмегiн алушының өтiнiшi бойынша тұрғын үй көмегiн алушының, қызмет көрсетушiлердiң, кондоминиум объектiлерiн басқару органдарының жеке шоттарына екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырылады;
шоттарға ақшалай сомаларды аудару уәкiлеттi органмен ай сайын жүргiзiледi.