Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 4 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4051 тіркелген, 2013 жылғы 29 наурызда "Наше время" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағының 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға, Ұлы Отан соғысында Жеңіс Күніне орай, бір жолғы, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
2-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"2) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, шипажай немесе оңалту орталықтарына жол жүрумен байланысты шығындарын өтеуге:
алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді;
мүгедектің шипажайда немесе оңалту орталығында болуын растайтын құжат;
тағайындалған жеріне жол жүруі және кері қайтуы бойынша шығындарын растайтын құжат;";
2-тармағының 7), 8) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
"7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға, Ұлы Отан соғысында Жеңіс Күніне орай:
алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
8) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға:
амбулаторлық, стационарлық аурудың медициналық картасы үзіндісінің көшірмесі;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2013 жылғы 1 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратады.
Аудандық мәслихаттың кезекті
алтыншы сессиясының төрағасы В. Ткач
Денисов аудандық
мәслихатының хатшысы А. Мұрзабаев
КЕЛІСІЛДІ:
"Денисов ауданы әкімдігінің
экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысының міндетін атқарушы
__________ М.В. Жанпиисова
"Денисов ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_____________ Д.Т. Мұсылманқұлова