"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
"Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен тіркелген салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" мәслихаттың 2009 жылғы 2 ақпандағы № 162 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-122 тіркелген, 2009 жылдың 9 сәуірінде № 29 "Қостанай" газетінде жарияланған) мына өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшада:
реттік нөмірі 4 жолда:
"41" деген сандар "25" деген сандарға ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
№ 11 сайлау округі
бойынша депутаты С. Сотников
Қалалық
мәслихат хатшысы Н. Халыков
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрлігі Салық
комитетінің Қостанай облысы
бойынша салық департаментінің
Қостанай қаласы бойынша
салық басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
________________ С. Дөненбае
"Қостанай қаласы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
________________ Н. Дорошок
Мәслихаттың
2013 жылғы 15 ақпандағы
№ 112 шешіміне қосымша
Мәслихаттың
2009 жылғы 2 ақпандағы
№ 162 шешіміне қосымша
Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі
бірлігінен тіркелген салық ставкаларының мөлшері
№ |
Салық салу объектісінің атауы |
Айына тіркелген |
1 |
бір ойыншымен ойын өткізуге арналған |
1 |
2 |
біреуден артық ойыншылардың |
2 |
3 |
ойын өткізу үшін пайдаланылатын |
1 |
4 |
ойын жолы |
25 |
5 |
карт |
2 |
6 |
бильярд үстелі |
12 |