Таран ауданындағы Апановка теміржол станциясының аумағында орналасқан № 1, № 55а ұңғымалар учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 236 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 шілдеде № 4188 болып тіркелді

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Қосымшаға сәйкес Таран ауданындағы Апановка теміржол станциясының аумағында орналасқан № 1, № 55а ұңғымалар учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігі Мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау комитетінің Қостанай
      облысы бойынша департаменті"
      мемлекеттік мекемесінің директоры
      ___________________ Б. Кенжебаев
      "Қазақстан Республикасы Қоршаған
      ортаны қорғау министрлігінің Су
      ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
      бассейндік инспекциясы"
      республикалық мемлекеттiк
      мекемесінің басшысы
      ________________ Г. Оспанбекова

  Әкімдіктің
2013 жылғы 17 маусымдағы
№ 236 қаулысына қосымша

Таран ауданындағы Апановка теміржол
станциясының аумағында орналасқан № 1, №
55а ұңғымалар учаскесінде шаруашылық-ауыз
су тартудың санитарлық қорғау аймақтары

Су тарту

көзінің

атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері

І - белдеу

ІІ - белдеу

ІІІ - белдеу

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

№ 1,
№ 55а
ұңғымалар

Радиусі -

әр

ұңғыманың

айналасында

50 метр

1,57

гектар

Ұзындығы –

75,4

метр

Барынша

ені –

58 метр

2,8

гектар

Радиусі -

233,7

метр

38,8

гектар

      Ескерту: "Қостанай облысы, Таран ауданы. Апановка теміржол станциясында орналасқан № 1 және № 55а ұңғымалар учаскесінің санитарлық қорғау аймақтары белдеулері мөлшерлерінің негіздемесі" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Теміржолсу-Қостанай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).