Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына және "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Арқалық қаласының Фурманов ауылындағы жер асты суларының орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Н. Садуақасов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетінің Қостанай
облысы бойынша департаменті"
мемлекеттік мекемесінің директоры
_______________ Б. Кенжебаев
"Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрлігінің Су
ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
бассейндік инспекциясы"
республикалық мемлекеттiк
мекемесінің басшысы
_______________ Г. Оспанбекова
Әкімдіктің
2013 жылғы 17 маусымдағы
№ 232 қаулысына қосымша
Арқалық қаласының Фурманов ауылындағы жер
асты суларының орталықтандырылған шаруашылық-ауыз
су тартуының санитарлық қорғау аймақтары
Су тарту |
Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері |
|||||
І-белдеу |
ІІ-белдеу |
ІІІ-белдеу |
||||
шекарасы |
ауданы |
шекарасы |
ауданы |
шекарасы |
ауданы |
|
№ 300, |
Радиусі - |
1,23 |
Радиусі - |
7,01 |
Радиусі - |
182,8 |
Ескерту: Қостанай облысы Арқалық қаласының Фурманов ауылындағы жер асты суларының орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймақтары жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші - "Арқалық қаласы әкімдігінің құрылыс, қала құрылысы және сәулет бөлімі" мемлекеттік мекемесі).