Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 2 қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 135 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 16 сәуірде № 4094 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес және аудандық өкілді және атқарушы органдардың пікірлерін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Таратылсын:
      Алтынсарин ауданының Силантьев селолық округі;
      Амангелді ауданының Есір ауылдық;
      Денисов ауданының Некрасов селолық округі;
      Қарасу ауданының Теректі селолық округі;
      Науырзым ауданының Мереке селолық округі;
      Таран ауданының Красносельский селолық округі;
      Таран ауданының Нелюбин селолық округі;
      Федоров ауданының Жаркөл селолық округі.
      2. Құрылсын:
      Алтынсарин ауданының Обаған селолық округі Алтынсарин ауданының Силантьев селолық округінің таратылатын Силантьевка, Бирюковка, Зуевка, Малая Чураковка селоларының құрамында және Алтынсарин ауданының Обаған селосын, соңғысын округ орталығы етіп белгілей отырып;
      Амангелді ауданының Аманкелді селолық округі Аманкелді ауданының Есір ауылдық округінің таратылатын Есір, Ақкісі, Кемер, Қоғалыкөл, Мұқыр селоларының құрамында және Аманкелді ауданының Аманкелді селосы, соңғысын округ орталығы етіп белгілей отырып;
      Науырзым ауданының Дәмді селолық округі Науырзым ауданының Мереке селолық округінің таратылатын Мереке, Қайғы селоларының құрамында және Науырзым ауданының Дәмді ауылы, соңғысын округ орталығы етіп белгілей отырып;
      Денисов ауданының Денисов селолық округі Денисов ауданының Некрасов селолық округінің таратылатын Некрасовка, Гришенка, Калиновка, Целинное селоларының құрамында және Денисов ауданының Денисовка селосы, соңғысын округ орталығы етіп белгілей отырып;
      Федоров ауданының Федоров селолық округі Федоров ауданының Жаркөл селолық округінің таратылатын Жаркөл, Александрополь, Андреевка, Владыкинка, Затышенка, Копыченка, Приозерное селоларының құрамында және Федоров ауданының Федоровка селосы, соңғысын округ орталығы етіп белгілей отырып.
      3. Олардың жер пайдалану шегіндегі аумақтарын келесі елді мекендер:
      Жангелдин ауданының Қызбел ауылдық округіне Жангелдин ауданының Бидайық селосы;
      Таран ауданының Таран селолық округіне Таран ауданының таратылған Красносельский селолық округінің Красносельское, Әйет, Журавлевка, Щербиновка селолары;
      Таран ауданының Павлов селолық округіне Таран ауданының таратылған Нелюбин селолық округінің Нелюбинка және Барсуковка селолары;
      Қарасу ауданының Железнодорожный селолық округіне Қарасу ауданының таратылған Теректі селолық округінің Теректі, Жекекөл және Куленсай селолары әкімшілік бағынысқа берілсін.
      4. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі          Сессия төрайымы
      ___________ Н. Садуақасов         ___________ Д. Космухамбетова

                                        Қостанай облыстық
                                        мәслихатының хатшысы
                                        ___________ С. Ещанов