РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына және «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп Мұнайлы ауданының аумағында кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2. Село және селолық округ әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
3. «Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Б.Біләлов) Маңғыстау облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы қаулыны аудан әкімдігінің ресми сайтында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Біләловке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім Е. Әбілов
«КЕЛІСІЛДІ»
Мұнайлы аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
Е.Овезов
02 шілде 2013 жыл
2013 жылғы 02 шілдедегі № 141-қ
Мұнайлы ауданы әкімдігінің қаулысына
қосымша
Мұнайлы ауданының аумағында кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Село және селолық округтің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар |
---|---|
Маңғыстау селосы |
1) «Маңғыстау» темір жол вокзалы аумағында ақпараттық стенд 2) Қоғамдық ұйымдар ғимараты аумағындағы ақпараттық стенд |
Қызылтөбе селолық округі |
«Қазпошта» акционерлік қоғамы Маңғыстау облыстық филиалы Қызылтөбе селолық округіндегі бөлімшесінің аумағындағы ақпараттық стенд |
Баянды селосы |
№ 3 орта мектептің аумағындағы ақпараттық стенд |
Басқұдық селолық округі |
Басқұдық селолық округіндегі бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының аумағындағы ақпараттық стенд |
Атамекен селолық округі |
Атамекен селолық округіндегі бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының аумағындағы ақпараттық стенд |
Дәулет селолық округі |
Дәулет селолық округіндегі бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының аумағындағы ақпараттық стенд |