РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28 бабының 4 тармағына және «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Мұнайлы ауданының аумағында сайлау өткізу кезеңінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй - жайлар берілсін.
2. «Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Б.Біләлов) Маңғыстау облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы қаулыны аудан әкімдігінің ресми сайтында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Біләловке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім Е. Әбілов
«КЕЛІСІЛДІ»
Мұнайлы аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
Е.Овезов
02 шілде 2013 жыл
2013 жылғы 02 шілдедегі № 140-қ
Мұнайлы ауданы әкімдігінің қаулысына
қосымша
Мұнайлы ауданының аумағында сайлау өткізу кезеңінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй - жайлар
Село және селолық округтің атауы | Кездесу өткізілетін орындар |
---|---|
Маңғыстау селосы |
№ 1 орта мектептің акт залы |
Қызылтөбе селолық округі |
«Маңғыстау» мәдениет үйі |
Баянды селосы |
Баянды ауыл клубы |
Басқұдық селолық округі |
Басқұдық селолық аула клубы |
Атамекен селолық округі |
№ 7 орта мектептің акт залы |
Дәулет селолық округі |
№ 4 орта мектептің акт залы |