Түпқараған ауданында қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 13 мамырдағы № 112 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 4 маусымда № 2249 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі  басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-5)5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмыс іздеуде қиыншылық тартып жүрген, қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай - ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Түпқараған ауданында жұмыс орындарына жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай - ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
       2. «Түпқараған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленген квотаға сәйкес,  қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай - ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін бос жұмыс орындарына орналасу бағытын қамтамасыз етеді.
       3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары   Т.А.Алтынғалиевқа жүктелсін.
       4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                   Т.Т.Асауов  

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Түпқараған аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Жарылгапова Оразгуль Бекиевна
      «13» мамыр 2013 жыл