Қарақия ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 шілдедегі № 11/120 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 09 тамызда № 2286 тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қарақия ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасы бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е. Таджибаев).

      3. "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (А. Мееров) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның интернет - ресурста жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е. Есенқосов
     
      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы А. Мееров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қарақия аудандық жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Рысбаев Қайрат Ерсұлтанұлы

      2013 жыл 11 шілде

      "Қарақия аудандық экономика

      және қаржы бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Әбдіхалықова Әлия Жұмабайқызы

      2013 жыл 11 шілде


  Қарақия аудандық мәслихатының
2013 жылғы 11 шілдедегі
№ 11/120 шешімімен бекітілген

Қарақия ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау
Қағидасы

      Ескерту. Қағиданың бүкіл мәтін бойынша "тұрғын жай" деген сөздер "тұрғынжай" деген сөздермен ауыстырылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 24.06.2016 № 3/25 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Осы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасы (әрі қарай – Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" және 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулыларына және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған түрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №7412 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. Кіріспесі жаңа редакцияда – Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 29.05.2018 № 17/197 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Қағидада келесідей негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматтың) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;

      2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;

      3) кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін басқару жөніндегі фунцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      4) уәкілетті орган – "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – уәкілетті орган);

      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;

      6) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;

      7) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 10.03.2017 № 8/94(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2018 № 18/210(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қарақия ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын-үй жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;

      4) алынып тасталды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 15.09.2014 № 22/227 шешімімен (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады).

      3. Қарақия ауданында тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 15.09.2014 № 22/227 шешімімен (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады).

      3-1. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      Ескерту. Қағида 3-1 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 03.07.2018 № 18/210 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. Қағида 3-2 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 03.07.2018 № 18/210 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің Ережесіне" сәйкес орындалады.

      5. Коммуналдық қызметтерді тұтыну ақысы сомасының құрамына мыналар енгізіледі: су, канализациямен қамтамасыз ету, газ, электр, жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару.

      6. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абонеттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үй-жайды (тұрғын ғимаратты) күтіп - ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Отбасының шекті жол берілетін шығындарының үлесі отбасының жиынтық табысының жеті пайыз мөлшерінде белгіленеді.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      7. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

      2) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;

      3) өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерiнен мекенжай анықтамасы (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      4) жылжымайтын мүлiктiң болуы (болмауы) туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      5) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      6) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;

      7) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

      8) банктік шоты;

      9) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

      10) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

      11) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      12) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

      Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Қағиданың 7-5 тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға арналған шоттарын ғана ұсынады.

      Ескерту. 7 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 03.07.2018 № 18/210 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7-1. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Ескерту. Қағида 7-1 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 03.07.2018 № 18/210 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7-2. Осы Қағиданың 7-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. Қағида 7-2 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 03.07.2018 № 18/210 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7-3. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. Қағида 7-3 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 03.07.2018 № 18/210 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7-4. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. Қағида 7-4 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 03.07.2018 № 18/210 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7-5. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.

      Ескерту. Қағида 7-5 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 03.07.2018 № 18/210 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7-6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

      Ескерту. Қағида 7-6 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 03.07.2018 № 18/210 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Тұрғын үй көмегі тағайындалғанға дейінгі коммуналдық қызметтер бойынша берешектер есепке алынбайды.

      9. Жеке меншігінде бір тұрғынжай бірлігінен артық тұрғынжайы немесе тұрғынжайын жалға (жалдама) немесе жартылай жалға берген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 24.10.2016 № 5/46 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. Тұрғын үй көмегін алушылар, тұрғын үй көмегін есептеуге қатысты кез-келген өзгерістері (отбасы құрамы, оның бюджеті, жылжымайтын мүлік алуы және тағы басқа), сондай-ақ көмекті қате есептеу жайттары туралы он жұмыс күн ішінде уәкілетті органға хабарлайды.

      Уәкілетті органға қасақана қате мәліметтер берілгендігі салдарынан көтермеленген немесе заңсыз өтемақы тағайындалса, заңсыз түрде алынған тұрғын үй көмегі түріндегі сомалар меншік иесімен (жалға беруші) ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртібімен қайтарылады.

      11. Ұсынылған құжаттардың растығына көз жеткізу қажеттілігі үшін уәкілетті орган арыз иелерінің материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеріс жүргізуге құқылы.

3. Тұрғын үй көмегін төлеу

      12. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді жергілікті бюджет қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы уәкілетті органмен жүзеге асырылады.

      13. Уәкілетті орган ай сайын тағайындалған көмек сомасының контингентін қорытындылап, тұрғын үй көмегінің сомасын көрсетумен, меншік иелерінің тізімін жасайды, тұрғын үй көмегін алушылардың мекен - жайы бойынша тағайындалған көмек сомасын қызмет жеткізушілердің шотына аударады.

      14. Тағайындалған тұрғын үй көмегінің тізімі негізінде ай сайын қызмет көрсетуші кәсіпорындар тағайындалған көмек сомасына екі данада салыстыру актін жасайды.

      15. Тағайындалған тұрғын үй көмегінің тізімі негізінде ай сайын қызмет көрсетуші кәсіпорындар тағайындалған көмек сомасына екі данада cалыстыру актісін жасайды.