Құланды ауылы бойынша аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Қарақия аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 сәуірдегі N 8/97 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 07 маусымда N 2250 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша «ставкаларына»,  деген сөз «мөлшерлемесіне» деген сөзбен ауыстырылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 28.10.2015 № 29/298 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Тақырыптағы және бүкіл мәтін бойынша:
      "селосы" деген сөздер "ауылы" деген сөздермен ауыстырылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 26.08.2009 № 12/129 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 811 баптарына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 387 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Құланды ауылы бойынша аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е. Таджибаев).
      3. «Қарақия аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесімен (Н. Жубаназаров, келісім бойынша) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның интернет - ресурста жариялануын қамтамасыз етілсін.
      4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



      Сессия төрағасының өкілеттігін
      жүзеге асырушы,
      мәслихат хатшысы                        А. Мееров
 
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Қарақия ауданы бойынша жер қатынастары
      бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
      А. Толегенов
      2013 жыл 26 сәуір

      «Қарақия ауданы бойынша салық басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы Б. Абилов
      2013 жыл 26 сәуір


схеманы қағаз нұсқасынан қараңыз
 

Аймақтар

Аймаққа кіретін әкімшілік және басқа да құрылымдар

Орта коэффи-
циент

1

Ауыл (село) орталығы

1,5

2

Өнеркәсіптік жерлер

1,3

3

Ауыл шаруашылығына және басқа режимдегі қолданысқа арналған жерлер

1,0


Аймақтар сипаттамасы

      1 аймақ: селитебтік аймақ;
      2 аймақ: өнеркәсіптік жерлер;
      3 аймақ: ауыл шаруашылығына және басқа режимдегі қолданысқа арналған жерлер.