Нұра ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған бітірушілері үшін және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 ақпандағы N 06/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 14 наурызда N 2229 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нұра ауданы бойынша барлық нысан меншігіндегі мекемелерде және ұйымдарда, кәсіпорындарда жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған бітірушілері үшін және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Жүпенова Гүлнәр Тақуқызы) квотаға сәйкес, бар бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінде тіркеуде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған бітірушілерін жолдауын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Қанатұлы Аймағамбетовке жүктелсін.
      4. Нұра ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 17 сәуірдегі "Интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған бітірушілері үшін және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-14-172 болып тіркелген, 2012 жылғы 2 маусымындағы N 21 "Нұра" аудандық газетінде жарияланған) N 09/03 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Бексұлтанов