2014 жылы Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы XХV сессиясының № 25/159 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 қаңтарда № 2522 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қарашадағы № 37/245 шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 24.11.2014 № 37/245 шешімімен.

      Ескерту. Тақырыбына өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 10.09.2014 № 34/226 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 10.09.2014 № 34/226 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. 2014 жылы Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына, өтініш берген сәтіне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне тең сомада көтермелі жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін өтініш берген сәтіне, маманмен мәлімделген сомада, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын, бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 10.09.2014 № 34/226 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Жаңаарқа аудандық мәслихатының XV сессиясының 2013 жылғы 14 ақпандағы № 15/96 "2013 жылы Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2225 болып тіркелген, 2013 жылғы 20 наурыздағы № 16 (9546) "Жаңаарқа" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      XXV сессиясының төрағасы                   Б. Тезекбаев

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Д. Жұмасейітов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жаңаарқа ауданының экономика
      және қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы                        З. Сердалинов
      2013 жылғы 25 желтоқсан