Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы N 972 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 91-ө "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысын іске асыру туралы" бұйрығына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырушы Абай ауданының ұйымдары, кәсіпорындары, мекемелерінің тізімі, жұмыс түрлері мен көлемдері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстарға жұмыспен қамтылған жұмыссыздардың еңбек ақысының мөлшері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген ең төменгі жалақының мөлшерінде, толық емес жұмыс күні жағдайлардағы немесе икемді кесте бойынша жұмыс мүмкіндігімен бекітілсін.
3. Қоғамдық жұмыстарға жұмыспен қамтылған азаматтардың еңбекақысын төлеу жергілікті бюджеттің қаражатынан жүргізілсін.
4. Жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, "Абай ауданының жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі үлгі шарттарын жасасын.
5. Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы N 32/11 "2012 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-9-125 тіркелген, 2012 жылғы 13 қаңтардағы N 2 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) қаулысының, Абай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 1 наурыздағы N 7/09 "Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы "2012 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 32/11 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-9-128 тіркелген, 2012 жылғы 31 наурыздағы N 12 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) қаулысының, Абай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 16 мамырдағы N 14/02 "Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы "2012 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 32/11 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-9-134 тіркелген, 2012 жылғы 4 шілдедегі N 25 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) қаулысының және Абай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қарашадағы N 33/14 "Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы "2012 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 32/11 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2016 тіркелген, 2013 жылғы 5 қаңтардағы N 1 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Әсем Айтжанқызы Жүніспековаға жүктелсін.
7. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі Е. Нашаров
Абай ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 17 қаңтар
N 03/03 қаулысына
қосымша
2013 жылға Абай ауданының ұйымдары, кәсіпорындары және мекемелері бойынша қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізімі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 29.03.2013 N 12/07 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелер |
Жылына қоғамдық қызметкерлерге сұраныс, адам |
Жұмыстардың ұзақтығы, ай |
Айына қызметкерлер саны, адам |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері |
"Абай-Көркем" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
160 |
1,5 |
20 |
Ағаштарды отырғызу – 500 дана, |
Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық |
12 |
1 |
1 |
Зейнетақыны қайта есептеу кездегі көмек – 25700 іс, |
Абай ауданы бойынша салық басқармасы |
12 |
1 |
1 |
Салық жинауға көмек – 16927 түбіртек |
Абай аудандық қорғаныс ісі жөніндегі бөлім |
24 |
1 |
2 |
Әскерге шақырылушылардың жеке істерін ресімдеуге көмек – 2500 іс, |
Абай ауданының статистика бөлімі |
12 |
1 |
1 |
Жеке кәсіпорындарды жағдаятты зерттеулерге көмек – 300 объект, |
Абай ауданының прокуратурасы |
12 |
1 |
1 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 600 парақ, |
Абай аудандық соты |
12 |
1 |
1 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 300 парақ, |
Абай ауданының әдiлет басқармасы |
24 |
1,5 |
3 |
Құжаттаудағы көмек – 2500 іс |
Абай аудандық Ішкі істер басқармасы |
24 |
1 |
2 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 1200 парақ, |
Абай ауданының N 2 аудандық соты |
12 |
1 |
1 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 200 парақ, |
Абай ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі |
12 |
1 |
1 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 300 парақ, |
Абай ауданының әкімінің аппараты |
12 |
1 |
1 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 300 парақ, |
Құрма ауылдық округі әкімінің аппараты |
12 |
1 |
1 |
Ұзақтығы 13 километр су құбырының, ұзақтығы 6 километр кәріздің қызмет көрсетуіне көмек |
Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі |
12 |
1 |
1 |
Мұрағаттық құжаттарды өңдеуге көмек – 500 папка |
Абай ауданының жер қатынастары бөлімі |
12 |
1 |
1 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 300 парақ, |
Қарағанды облысының түзету мекемелеріндегі заңдылықты бақылау бойынша арнайы прокуратура |
6 |
1 |
1 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 600 парақ, |
"Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу қоры" қоғамдық қоры |
90 |
2,0 |
15 |
Шыршылар күтімі – 40 дана, |
Топар кенті әкімінің аппараты |
28 |
1 |
3 |
Ауданы 15 гектар аумағын жинау және тазалау |
Мичурин селолық округі әкімінің аппараты |
3 |
2 |
1 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 600 парақ, |
Абай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдар бөлімі |
9 |
1 |
1 |
Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 600 парақ, |
Барлығы |
500 |