РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасарына және Саран қалалық мәслихатының азаматтардың құқықтарын қорғау заңдылықтары және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Саран қалалық мәслихатының шешімдері күшін жойған болып танылсын:
1) Саран қалалық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру туралы" № 365 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-7-101 болып тіркелген, 2010 жылы 29 қаңтардағы № 4 "Ваша газета" газетінде жарияланған);
2) 2013 жылғы 25 сәуірдегі "Саран қалалық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру туралы" № 365 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 180 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2329 болып тіркелген, 2013 жылы 24 мамырдағы № 21 "Саран газеті" газетінде жарияланған).
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 25.02.2014 N 302 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.4. Саран қалалық мәслихатының 2013 жылғы 12 қарашадағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 258 шешімі жойылсын.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 25.02.2014 N 302 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 25.02.2014 N 302 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.Сессия төрағасы | В. Закамолкин |
Мәслихат хатшысы | Р. Бекбанов |
Саран қалалық мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 279 шешімімен бекітілген |
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 22.12.2020 N 584 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) атаулы күндер – жалпыхалықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша қала әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
4) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы статистика органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
7) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
8) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
9) уәкілетті орган – "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 22.12.2020 N 584 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3. Осы қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
4. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 22.12.2020 N 584 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда 1 рет) көрсетіледі.
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 22.12.2020 N 584 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
6. Әлеуметтік көмек атаулы күндер мен мереке күндерінде ұсынылады:
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні мерекесіне:
басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне жеңілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға;
2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне:
Қазақстан Республикасында белгіленген зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерлері, зейнетақының ең төменгі мөлшерінен аспайтын зейнетақы мен жасына байланысты әлеуметтік жәрдемақы алушыларға;
3) 21-23 наурыз - Наурыз мейрамы мерекесіне:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
4) 9 мамыр - Жеңіс күні мерекесіне:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жеңілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға;
еңбек ардагерлеріне;
"Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңының күші қолданылатын басқа тұлғаларға;
5) 6 шілде - Астана күні мерекесіне:
"Алтын алқа", "Күміс алқа" белгілерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ бірінші және екінші дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға;
төрт және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған, соның ішінде оқытудың күндізгі нысаны бойынша орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында, оқу орынын аяқтағанға дейін кәмелеттік жасқа толған білім алушы балалары бар (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін), көп балалы отбасыларға;
6) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне:
1, 2, 3 топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
мектепке дейінгі балалар ұйымдарында тәрбиеленетін көп балалы отбасылардан шыққан балаларға;
7) 1 қазан - Қарттар күні мерекесіне:
жетпіс бес жасқа толған және одан үлкен тұлғаларға.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 22.12.2020 N 584 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.7. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздер болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 22.12.2020 N 584 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.8. Әлеуметтік мәні бар аурулар болған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер бойынша көрсетілетін әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа айлық табысы 0,6 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын адамдарға (отбасыларға) көрсетіледі.
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген кезде көрсетілетін әлеуметтік көмек адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан ұсынылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 22.12.2020 N 584 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.9. Әлеуметтік мәні бар ауруы болған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша көрсетілетін әлеуметтік көмектің шекті мөлшері – он айлық есептік көрсеткіш.
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген кезде көрсетілетін әлеуметтік көмектің шекті мөлшері - жүз айлық есептік көрсеткіш.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 22.12.2020 N 584 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.10. Табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек үшін өтініш білдіру мерзімі - табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін үш ай ағымында.
11. Әрбір жекеленген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмекті көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 22.12.2020 N 584 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмейді, уәкілетті ұйымның, не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе Ақтас кентінің әкіміне мынадай құжаттарды қоса отырып өтініш ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;
3) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және (немесе) құжат.
Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 22.12.2020 N 584 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.14. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 22.12.2020 N 584 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекті жеке шотқа аудару үшін, өтініш беруші Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің лицензиясы бар ұйымынан немесе екінші деңгейдегі банктен ашылған жеке шотын ұсынады.
16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе Ақтас кентінің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын, адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
17. Учаскелік комиссия құжаттар түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік ережесіне 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе Ақтас кентінің әкіміне жібереді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 22.12.2020 N 584 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.18. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
19.Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
20. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе Ақтас кентінің әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
21. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
22. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету, не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы қағидалардың 18 және 19 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе Ақтас кентінің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету, не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
23. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
24. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 08.05.2019 N 401 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.25. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталғанда;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарғанда;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
26. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру облыстық маңызы бар қаланың бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 22.12.2020 N 584 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
27. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болғанда;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жібергенде;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
28. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5-тарау. Қорытынды ереже
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 22.12.2020 N 584 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
29. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 1-қосымша нысан |
Отбасын тіркеу нөмірі ____________
Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер
_____________________________ ___________________________________
(Өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекенжайы, тел.)
Р/с№ | Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә. | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Туған жылы |
Өтініш берушінің қолы __________________________ Күні ______________
Отбасының құрамы туралы
мәліметтерді куәландыруға уәкілетті
органның лауазымды тұлғасының Т.А.Ә. _____________________
(қолы)
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 2-қосымша нысан |
Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ
20 __ ж. "___" _______
_____________________
(елді мекен)
1. Өтініш берушінің Т.А.Ә. ___________________________________
2. Тұратын мекенжайы __________________________________________
__________________________________________________________________
3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған
өмірлік қиын жағдай
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______
адам, оның ішінде:
Р/с№ | Т.А.Ә | Туған күні | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны) | Жұмыспен қамтылмау себебі | Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер | Өмірлік қиын жағдай |
Еңбекке жарамды барлығы _______ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _______ адам.
Балалардың саны: ____________ жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар __________ адам, оқу құны жылына _________ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы
мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы
мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан
қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер,
туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың,
мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты
қосу керек)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған,
жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй
кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек):
_____________________________________________________________________
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Отбасының табысы:
Р/с | Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә. | Табыс түрі | Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) | Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер | |
тоқсанға | орта есеппен айына | ||||
6. Мыналардың:
автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін
құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
_____________________________________________________________________
________________________________________ қазіргі уақытта өздері тұрып
жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен
мәлімделген табыс) __________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен
қамтамасыз етілуі ___________________________________________________
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы _____
_____________________________________________________________________
Комиссия төрағасы:
________________________ ________________________
Комиссия мүшелері:
________________________ ________________________
________________________ ________________________
________________________ ________________________
________________________ ________________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Жасалған актімен таныстым: ____________________________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
Тексеру жүргізілуден бас тартамын ______________________ өтініш
берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні
_____________________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 3-қосымша нысан |
Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы
20 __ ж. ___ ______
Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін
белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін
айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына
байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)
_____________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар
және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру
нәтижелерінің негізінде
_____________________________________________________________________
(қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты
әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
Комиссия мүшелері: __________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Қорытынды
қоса берілген құжаттармен ___ данада
20 __ ж. "___" ___________ қабылданды
Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе
уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы
____________________________