Қаратал ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" N 21 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Алматы облысы Қаратал аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 11 наурыздағы N 65 қаулысы. Алматы облысының әділет департаментімен 2013 жылы 08 сәуірде N 2338 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қаратал ауданы әкімдігінің 2012 жылдың 23 қаңтардағы "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (2012 жылы 10 ақпанда нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2-12-186 нөмірімен тіркелген, 2012 жылдың 24 ақпандағы аудандық "Қаратал" газетінің 8 нөмірінде жарияланған) N 21 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулының атауы келесі редакцияда баяндалсын:
      "Қаратал ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы"
      аталған қаулының 1-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
      "1. Меншік құқығына қарамастан, Қаратал ауданының ұйымдары мен мекемелерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарында квота белгіленсін".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Күлпаш Ізмұқанқызы Байтаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Дүйсембінов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қаратал аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Серік Жапарұлы Амандосов
      11 наурыз 2013 жыл.