Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық әкімдігінің 31.07.2014 № 27 а қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, Ескелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ескелді ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 4 шілдедегі "Ескелді ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" N 210 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 20 шілдедегі N 2-9-140 тіркелген, аудандық "Жетісу шұғыласы" газетінде 2012 жылғы 10 тамыздағы N 32 жарияланған), Ескелді ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы "Ескелді ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 4 шілдедегі "Ескелді ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" N 210 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 17 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 22 ақпандағы N 2305 тіркелген, аудандық "Жетісу шұғыласы" газетінде 2013 жылғы 15 наурыздағы N 11 жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін.
1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
"1. Ескелді ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан 3 процент мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қайырғали Айтжанұлы Әлібаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н. Қылышбаев
КЕЛІСІЛДІ:
"Ескелді аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы Есболган Есенбаевич Турсынбаев
01 тамыз 2013 жыл
"Ескелді аудандық жұмыспен
қамту орталығы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы Бауыржан Шакарбекович Смаилов
01 тамыз 2013 жыл