Шалқар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 102 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 9 қазанда № 3650 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Шалқар ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен 5(бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың           Аудандық мәслихаттың
        сессия төрағасы                    хатшысы

         М. Жиенгазина                   С. Тулемисов