Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 45 "Ойыл ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 1 тамыздағы № 183 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 20 тамызда № 3632 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 19-бабының 5-тармағына сәйкес Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ойыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 45 «Ойыл ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 16 наурызда № 3-11-107 тіркелген, 2012 жылғы 29 наурызда аудандық «Ойыл» газетінің № 12 санында және 2012 жылғы 19 шілдеде uil.aktobe.gov.kz интернет-ресурсында жарияланған) қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:
      осы қаулының 2-тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      «Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі:                           М. Абдуллин.