Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 124-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Темір ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Темір ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 63 «Қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-10-147 тіркелген, 2011 жылғы 20 мамырда «Темір» аудандық газетінің № 21 жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес Темір ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б.Қаниев