Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 541 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 қаңтарда № 3730 болып тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының 123 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Сағыровқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                 С.Шаңғұтов

Мұғалжар ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 541 қаулысына
№ 1 қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

      Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 01.08.2014 № 245 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Аудан атауы

Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен мектепке дейінгі ұйымдарда орналастырылатын балалар (саны)

1

Мұғалжар ауданы

595


Барлығы

595

Мұғалжар ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 541 қаулысына
№ 2 қосымша

Айына жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі

      Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 01.08.2014 № 245 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдар

Балабақшалар(бөбекжайлар, орталықтар)

Сүйық отынмен жылытылатын жылу жүйесі

Қатты отынмен жылытылатын жылу жүйесі

Электрқуатымен, көгілдір отынмен және орталықтандырылған жылу жүйесімен жылытылатын

Қалалық жерлерде

Ауылдық жерлерде

Қалалық жерлерде

Ауылдық жерлерде

Қалалық жерлерде

Ауылдық жерлерде




30800

23885

29420

Экологиялық апат аумақтарында тұрғаны үшін 1,2 коэффициентін есепке алғанда


34166


33951

29620

30662

Мұғалжар ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 541 қаулысына
№ 3 қосымша

Ата-ананың бір тәрбиеленушіге күніне ақы төлеу мөлшері

Мектепке дейінгі ұйымда баланы ұстау ақысының мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдар

Балабақша (бөбекжайлар, орталықтар)

Балалар толық күн болатын мектепке дейінгі шағын орталықтар

Ұйымдарда болу ұзақтылығы

9-10, 5 сағат

12 сағат

Қалалық жерлерде

400

400

400

Ауылдық жерлерде

300

300

300