Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 188 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 желтоқсанда № 3726 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95–IV Бюджет Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 2 тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім ресми жариялануға жатады және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

             Ақтөбе қалалық                 Ақтөбе қалалық
      мәслихатының сессия төрағасы       мәслихатының хатшысы

               Ә.Тасимов                     С.Шынтасова

      КЕЛІСІЛДІ:
      Ақтөбе облысының
      әкімінің орынбасары                         С.Нұрқатова

Ақтөбе қалалық
мәслихатының кезекті
он тоғызыншы сессиясының
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 188 шешіміне қосымша

Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары

      Осы Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 24) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 2 тармағына сәйкес әзiрленді (бұдан әрi – Үлгiлiк қағидалар).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:
      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      2) арнайы комиссия – өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша Ақтөбе қаласы әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
      3) ең төмен күнкөрiс деңгейi - Ақтөбе облысының статистика органы есептейтiн мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;
      4) мереке күндерi – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;
      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы -
- отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi;
      6) өмiрлiк қиын жағдай – азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;
      7) уәкiлеттi орган – жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын, әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асыратын Ақтөбе қаласының "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi;
      8) уәкiлеттi ұйым – "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы" Республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының Ақтөбе облыстық филиалы;
      9) учаскелiк комиссия – әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн Ақтөбе қаласы әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
      10) шектi шама – әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшерi.
      2. Осы Қағидалар Ақтөбе қаласында тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.
      3. Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына Ақтөбе қаласының «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі айқындаған Үлгілік қағидаларға және осы қағидаларда белгіленген тәртіпте беріледі.
      4. Әлеуметтiк көмек ретiнде жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi – алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететiн көмек түсiндіріледі.
      5. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетiледi.
      6. Атаулы күндер мен мереке күндерiнiң тiзбелерi болып табылады:
      Жеңіс күні – 9 мамыр;
      Балаларды қорғау күні – 1 маусым;
      Мүгедектер күні – қазан айының екінші жексенбісі.

2. Әлеуметтiк көмек алушылар санаттарының тiзбесi және әлеуметтiк көмектiң мөлшерлерi

      7. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай көрсетіледі:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерге 4,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына жылу маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 1,7 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      3) мүгедек деп танылмаған, екінші рет некеге отырмаған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне), 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай әскери қызмет өткерген және тылда жұмыс жасаған азаматтарға жылу маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 1,1 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      4) Үйде оқитын мүгедек балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне бір мүгедек балаға 1 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде.
      8. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге табыстарын есепке алмай біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 54 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 27 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 16,5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      4) мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай әскери қызмет өткерген және тылда жұмыс жасаған азаматтарға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 5,4 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      5) мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектерге, қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күніне орай 19 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      6) атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінде 18 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған аз қамтылған отбасыларға, 1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай 11 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      7) мүгедек деп танылмаған, екінші рет некеге отырмаған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне), 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 5,4 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      8) қайтыс болған ауғандық жауынгерлерінің ата-аналарына және екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 5,5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      9) "Отан", "Даңқ" ордендерiмен наградталған, "Халық қаһарманы" атағын иеленген, Қазақстан Республикасының құрметтi атақтарына ие болған азаматтарға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 5,5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      9. Өмiрлiк қиын жағдайға тап болған кезде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне 81 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 54 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына 43 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
      4) зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға 32 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
      5) мүгедектерге, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға 32 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
      6) саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға 27 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
      7) көп балалы отбасыларға 32 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
      8) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне 32 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
      9) аз қамтылған азаматтарға 32 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
      10) әлеуметтік мәні бар аурулары (онкологиялық науқас, АИТВ жұқтырған және туберкулездің әртүрлі түрлерімен ауыратын) бар азаматтарға 43 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
      11) қайтыс болған күні уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген өлген адамдардың қайтыс болған туыстарын, жұбайларын жерлеуге, сол сияқты аз қамтылған отбасыларға кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге 16 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде;
      12) жетім балалар; балалар үйінің түлектері; балалық күнінен мүгедектер; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; төрт және одан да көп бірге тұрып жатқан кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар балалары арасынан, қала нарығында талап етілетін мамандықтар бойынша Ақтөбе қаласының арнаулы орта оқу орындарында оқудың күндізгі нысаны оқуын төлеу үшін, жалпы білім беретін мектептер түлектеріне.
      Ақшалай төлемдер оқудың іс жүзіндегі құны мөлшерінде жүргізіледі және 81 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде оқу жылы ішінде екі бөліп аударылады. Оқуға ақшалай төлем есебінен оқытылатын мамандықтар тізбесін арнайы комиссия анықтайды.
      10. Азаматтарды өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшiн:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздемелер;
      2) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкiне зиян келу не әлеуметтiк мәнi бар аурулардың болуы;
      3) Ақтөбе қаласы мәслихаты ең төмен күнкөрiс деңгейiне еселiк қатынаста белгiлейтiн шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негiздеме болып табылады.
      11. Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініштерді қарау мерзімі:
      өмірлік қиын жағдайлар туындаған сәттен бастап алты айдан кеш емес.
      12. Өмірілік қиын жағдайлардағы азаматтарға, егер жолыққан сәттің алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы Ақтөбе облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен 1 еседен аспаса әлеуметтік көмек көрсетіледі (кірісі есептелмей әлеуметтік көмек көрсетілетін Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінен басқасы).
      13. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.

3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi

      14. Осы Қағидаларда күшіне енгенге дейін, оны алған Қағидалардың 7 тармағында көрсетілген адамдарға ай сайынғы әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі. Қайта өтініш жасаған адамдар өтінішке қоса мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) жеке басын куәландыратын құжат;
      2) әлеуметтік жағдайын растайтын құжат;
      3) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат;
      4) мүгедек баланы үйде оқитындығын растайтын анықтама (мүгедек балалар үшін);
      5) Психолого - медико - педагогикалық кеңестің қорытындысы (мүгедек балалар үшін);
      6) банк операцияларының тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк лицензиясы бар ұйымдардағы немесе екінші деңгейлі банктердегі шоты.
      15. Отбасында екі немесе одан да көп адамдардың ай сайынғы коммуналдық қызметтерді алуға құқығы болған жағдайда әлеуметтік көмек төлемі отбасы мүшелерінің таңдауы бойынша тек біреуіне ғана көрсетіледі.
      16. Қағиданың 8 тармағының 1) - 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға, атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың не өзге де ұйымдардың ұсынысы бойынша Ақтөбе қалалық әкімдігі бекiтетiн тiзiм бойынша көрсетiледi.
      17. Атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек, осы Қағида күшіне енгенге дейін оны алған Қағиданың 8 тармағының 6) және 9) тармақшаларында көрсетілген әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұсынысы бойынша Ақтөбе қалалық әкімдігі бекіткен тізім бойынша көрсетіледі. Қайта өтініш жасаған адамдар өтінішке қоса мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) жеке басын куәландыратын құжат;
      2) өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      3) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаты;
      4) банк операцияларының тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк лицензиясы бар ұйымдардағы немесе екінші деңгейлі банктердегі шоты.
      18. Азаматтардың жекелеген санаттарының әлеуметтік көмектің бірнеше түріне құқығы болған жағдайда әртүрлі атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтік көмек түрінің біреуі көрсетіледі (мөлшер бойынша жоғарысы).
      19. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе ауылдық округтың әкiмiне өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) жеке басын куәландыратын құжат;
      2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат;
      3) Үлгiлiк қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәлiметтер;
      4) адамның (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтер;
      5) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат;
      6) банк операцияларының тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк лицензиясы бар ұйымдардағы немесе екінші деңгейлі банктердегі шоты.
      20. Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
      21. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе ауылдық округтiң әкiмi бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.
      22. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша осы Үлгiлiк қағидаларға 23-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе ауылдық округ әкiмiне жiбередi.
      Ауылдық округ әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкiлеттi органға жiбередi.
      23. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
      24. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
      25. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе ауылдық округ әкiмiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      26. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.
      27. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      Осы қағидалардың 23 және 24 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      28. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
      29. Белгiленген негiздемелердiң бiреуi бойынша әлеуметтiк көмек күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде қайта көрсетiлмейдi.
      30. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;
      2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн Ақтөбе қалалық мәслихаты белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
      31. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру қаланың бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер

      32. Әлеуметтiк көмек:
      1) алушы қайтыс болған;
      2) алушы Ақтөбе қаласынан тыс тұрақты тұруға кеткен;
      3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;
      4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.
      Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      33. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      34. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган «Е - собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзіледі.